Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

11-ТАРАУ 512 Артынша сұхбат соңында сұхбат алушыға сізге арнаған уақыты үшін алғыс білдіруді ұмытпаңыз және компания мен қызметке артып отырған қызығушы- лығыңызды қайталап айта беріңіз. Бұған қоса, келесі күннен кешіктірмей элек- тронды пошта немесе хат арқылы алғыс білдіру туралы хабарлама жіберуді ұмытпағайсыз. Бұл жай ғана алғыс айту болмауы қажет, мұнда егер сұхбат алу- шымен тағы да жекелей кездесіп қалсаңыз не айтатындығыңыз жайында жазыл- сын. Сьюзан Рикер: «Сұхбаттың ең үздік тұстарын атап өтіңіз... жұмысқа әлі де болса қызығушылық танытатындығыңызды және компания тарапынан жауапты асыға күтіп жүргендігіңізді анықтап жазыңыз», – дейді. Екі апта ішінде ешқан- дай жауап алмасаңыз, компанияға хабарласып, тапсырған лауазымыңыздың ста- тусы қай күйде тұрғандығын сыпайы түрде сұраңыз. *** Медиаға арнап мәтін жазу дағдысын үйрететін осы оқулықтың курсын аяқта- ған бойда, жазушы Дебби Макомбер Writer’s Digest -те атап өткен, жазу дағдысын- да жетістікке жетудегі талпынысыңызға жақсы көмектесетін төрт сипатқа мән беріңіз, олар: Мақсат, Сабыр, Құштарлық және Қажырлылық. Ол былай дейді: «Өз жобаңызға сеніңіз, өзіңізге сеніңіз және арманыңыздың күш-қуатына сені- ңіз».

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==