Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

511 Кәсіби мүмкіндіктер алған болар және өзге студенттік жобалардан асып түсуі мүмкін. Дегенмен жо- баңыз кәсіби тұрғыда сапалы жасалған ба? Керемет үлгіде толтырылған өтініш иесінің ұсыныстары кәсіби стандарттарға сай келмесе, өтінішті толтырғанымен сол стандарттардан хабардар болмаған жағдайда, жұмыс беруші өтініш хатты аяқасты қалдырады. Ілеспе хатыңыз бен түйіндемеңізді жібермес бұрын, осы са- ланың маманына бір тексертіп алу керек секілді, портфолиоңыздағы үлгілерді де бір пысықтап алған жөн. Түйіндемеңіз (сондай-ақ ілеспе хат) сіздің компаниядан не қалайтыныңызды емес, сол компания мүддесі үшін сіздің не істей алатыныңызға баса мән беруін қадағалаңыз. JobJenny.com сайтынанЖенни Фосс: «Бұл сіздің алғашқы жұмыс үл- гіңіз... іскерлік жазу дағдыңызды көрсетеді және ұсақ-түйекке деген ұқыптылы- ғыңызды байқататын алғашқы мүмкіндігіңіз. Желбуаз хат шығып жүрмесін», – деп кеңес береді. Сол себепті, мінсіз орфгорафия мен грамматика аса маңызды екендігін алға тартады. «Қызметтер бір-біріне қанша жерден ұқсағанымен» тү- йіндемеңізді өтініш бергелі жатқан әр лауазымның ұсақ-түйек бөлшектеріне бе- йімдеу үшін икемдеу керектігін айтады. Сұхбат Егер айыңыз оңынан туып, жеке сұхбаттасуға шақырылсаңыз, компания та- балдырығын аттағаныңызбен, бүкіл болмысыңызбен аттау-аттамау өзіңізге бай- ланысты. Сұхбатқа ауқымды зерттеу жүргізу арқылы дайындалыңыз. Сол жұ- мысқа бағытталған өтініш және түйіндеме әзірлегенде жұмыс беруші ұйым ту- ралы біраз мәлімет біліп қалғаныңызбен, ендігі кезекте компания туралы, мүм- кіндігінше, барлық ақпаратты көкейге түйіп алыңыз. Сұхбат алушыны құдды бір сол ұйымда қызмет ететіндей өз білген-түйгеніңізбен таңғалдыруыңыз керек. Компанияның тарихы мен мақсаты туралы мәліметтер іздеңіз. Компанияның жетістіктерімен қатар, қиындықтары туралы да іздеп көріңіз. Қазіргі таңда қан- дай басымдықтарға ие екендігін анықтаңыз. Сұхбаттасудағы басты сұрақ – осы компанияда жұмыс істеуге не себепті қызығудасыз? Себебі жұмыстың қажеттігін айту сізге еш көмектеспейтіні анық. Компания мен оның қызметкерлерінің мақ- саты – сіздікімен сәйкес келетіндігі, қабілет-қарымыңыздың компанияның жеке және бұқаралық профайлымен жарасатындығы жайында әңгімелеңіз. Басқаша сұхбаттасудың стандартты тәсілі – сұхбат алушы өзіңіз жайында әңгімелеп бе- руді сұрайтыны бар. Компанияның мақсаты және репутациясымен дөп келетін өміріңіздің аспектілері мен мінез-құлықтарыңыз, ой-пікіріңіз жайында тілдесу- ге дайын тұрыңыз. Сұхбатқа бармас бұрын өз бетіңізше ізденіп, компанияның негізін қалаушы бола ма, әлде сондағы қызметкердің бірі бола ма қандай да бір ұқсастық табыңыз. Сұхбатқа жасанып, киініп баруды ұмытпаңыз. Компания- ның киім киюге қатысты ресми, әлде күнделікті стильді ұстанатындығын анық- тап алыңыз. Сұхбаттың соңына таман сізден басқа сұрақтарыңыздың бар-жоғы сұралады. Компанияның мақсаты мен жетістігіне деген қызығушылығыңызды байқататын біршама сұрақтар әзірлеп алыңыз. Жеке бастың қамынан бөлек, компаниядағы болашағыңыз және осы қызмет жолында қандай көмек көрсете алатындығыңыз жайында сұраңыз. CareerBuilder.com сайтынан Сьюзан Рикер: «Ұялы телефоныңызды өшіріңіз де, құлшынысыңыз бен біліктілігіңізді арқалап алып, дайын келіңіз. Өзіңізді шынайы кәсіби маман және сұхбаттан өтетіндігіңіз- ге сенімді екендігіңізді көрсетіңіз», – деп кеңес береді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==