Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

11-ТАРАУ 510 Түйіндеме үлгісі ЛЕСЛИ ВАННАБИ 22 Эни стрит – Майтаун, MA 02345 – (617) 555-1111 – lwannabee@ worldlink.net МАҚСАТ Телевизия өндірісіндегі лауазым БІЛІМІ МЕН МАШЫҒЫ Бұқаралық коммуникация бойынша Өнер бакалавры дәрежесі, Айви колледжі, 2014 жыл. Негізгі салалар: телевизиялық бағдарламалар және продакшн компьютер техно- логиясы. Басқа қызмет түрлері: іскерлік әдебиет пен менеджмент, саясаттану, психоло- гия. ТӘЖІРИБЕ Тағылымдама: бағдарлама директорының көмекшісі, WMBC-TV , Бостон, жаз, 2013 жыл. Продюсер әрі режиссер, Айви колледжінің жыл сайынғы студенттік телевизия өнімдеріне берілетін жүлдесі (Айви колледжінің кабельдік телевизиясы интер- нет арқылы таратылды), 2013 жыл. Продюсер және дижей, «Таңғы музыка», WZZZ-FM (Айви колледжі), 2011–2014 жылдар. Кеңесші, Muckabout лагері, Northwoods орманы, Мэн штаты, жаз, 2010 жыл. ЕРЕКШЕ ҚАБІЛЕТТЕР Компьютерде: Интернет технологиясы. Көшбасшылық және тұлғааралық қарым-қатынаста: Кіші топтардың вице-пре- зиденті, 2011–2012 жылдар. ЖЕКЕ АҚПАРАТ Спорт түрлері: Гольф (Айви колледж турнирлері, 2011–2013 жылдар); Теннис (Жоғары мектептің университеттік командасы). Кәсіби және әлеуметтік желі: Linkedln, Facebook . *** Кез келген жұмысқа әркім бір таласатын болғандықтан, түйіндемеңіз жұмыс берушінің назарын бірден жаулап алуға тиіс. Түйіндемеңізді оқитын адамда басқа өтініш хат жетіп артылар, сонда да өтініш хат пен түйіндеменің әр әрпін ыждағатпен тексеруі мүмкін. Ниет еткен қызметке келіңкірейтін аспектілер тү- йіндемеңізде менмұндалап тұруы қажет. Өз мақсатыңыз бен тәжірибеңізді си- паттауда жұмыс анықтамасындағы сөздерді қолданыңыз. Әлеуметтік медиадағы сайттарыңызға, жеке сайтыңызға (бар болған жағдайда) және портфолиоңызға (онлайн режимде ашылатын болса) сілтемелерді қосып қойыңыз. Онлайн режимде қаралар, бәлкім, қаралмас, ең болмағанда, портфолиоңыз жұмыс берушіні қанағаттандыратын сапалы дүние болсын. Телевизия және фильм өндірісі бойынша әзірлеген жобаңыз ең жоғары саналатын «А» бағасын

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==