Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

509 Кәсіби мүмкіндіктер Өтініш хат үлгісі 22 Эни стрит Майтаун, MA 02345 1 маусым, 2014 Алиса Б. Стейн ханым, United Broadcasting Company кадр бөлімінің директоры, 1236 Батыс 58-көше, Нью-Йорк, NY 10069 Құрметті Стейн ханым! Мен United Broadcasting Company -дың сайтында көрсетілген реалити-шоу про- дюсерінің көмекшісі қызметіне қабылдану туралы өтініш жазудамын. Талапқа сай осы хатқа қосымша ретінде түйіндеме және үш ұсыныс хат тіркелді. Айви колледжіндегі Масс коммуникация факультетінде Өнер бакалаврын оқып жүргенімде телевизияға бағдарлама дайындауға және продакшнға ден қойдым, компьютер технологиясы бойынша біліктілікті арттыру курстарына қатыстым және UBS еншілесі саналатын бостондық WMBC телеарнасында бағ- дарлама директорының көмекшісі ретінде тағылымдамадан өттім. Сонымен қа- тар өзім оқитын колледж жанынан таралатын WZZZ станциясында екі жылдай қызмет еттім. Бұған қоса жазу дағдымды дамыту және бизнес менеджмент, саяси ғылым және психология бойынша факультативтік курстардан өттім. Ұсыныс берушіле- рім атап өткендей, өзіме сенімді, пысық әрі өз ісіме берілген жанмын. Сізбен сұхбаттасу үшін кездессем дән риза болатын едім. Маған кез келген уа- қытта 617-555-1111 ұялы телефон нөміріне және lwannabee@ worldlink.net элект- ронды поштама хабарласа аласыз. Құрметпен, Лесли Ваннаби. Түйіндеме Түйіндемеде сіз көздеген қызметке қатысы бар сипаттамаларыңыз жұп-жұ- мыр берілуі керек. Аты-жөніңіз бен байланыс ақпаратыңыз жоғарғы тұсында болуға тиіс. Бірінші бөлімде «мақсат» баяндалуға тиіс, бұл бөлім белгілі бір лауазымға өтініш тапсыруға бағдарланған. Келесі бөлімде «Білімі мен машығы» туралы ақпар қамтылуы керек. Лауазымға жарайтын кез келген квалификация- лық мәліметті ұсыныңыз, дегенмен кәсібилікті толтыратындай көрінетін болар- болмас машықтарды қоспаңыз. Келесі бөлімде «Тәжірибе» немесе «Қызмет са- тылары» жазылсын. Өз салаңыздағы тағылымдамалар мен қосымша атқарған қызметтеріңізді қосыңыз. Демалыс уағында атқарған дүкен менеджерінің көмек- шісі, универмагта видео не аудиожабдық сатушы, адамдармен тіл табысуды та- лап ететін саланы тексеру бойынша нарықтық зерттеу жасау секілді жұмыстар- ды қосу орынды-ақ, алайда Mickey D’s -те гамбургер дайындаушы болғаныңызды түйіндемеге қосу телевизия өндірісінде жұмыс істейтін адамға жараспайды. Ке- лесі бөлім «Ерекше қабілеттер» деп аталсын. Қандай да бір компьютер бағдар- ламаларын меңгерген тәжірибеңіз бар ма? Пікірлері өзіңізге қайшы топтарды немесе жұмысшыларды ұйымдастырып әрі басқарып па едіңіз? Scout group се- кілді ұйымдар немесе колледжіңіздегі студенттік ансамбльде немесе клубтарда қандай да бір атаққа, немесе жетістіктерге қол жеткізе алдыңыз ба? Оқу орнын- дағы жұмысқа орналастырумен айналысатын кеңсе – ілеспе хатты дайындауға қол ұшын созады, олардан түйіндеме әзірлеуге де көмектесуін сұраңыз.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==