Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
11-ТАРАУ 508 Сайттарды қосыңыз. (Мысалы, Linkedln -де максимум үш сайт қосуға болады). Тәжірибеңізді жазыңыз. Ұйымда атқарған лауазымыңыз бен рөліңізге қосым- ша ретінде компанияға қалай көмек көрсеткеніңіз туралы да ақпарды қосыңыз. *Жағымды пікірлер сенім ұялатады. Мүмкіндігінше, жағымды пікірлерді мо- лынан жинақтаңыз. Егер пікір айтатын адамның Linkedln секілді әлеуметтік ме- диада жеке парақшасы болса, жұмыс беруші оларды да қарастырады. * Linkedln сайты Twitter аккаунттарыңыздың бірін қосуға рұқсат береді, осылай- ша сіз туралы кең мағлұмат алуға жағдай жасайды. Орынды әрі пайдалы саналса, блогтарыңызды тізіп қойыңыз. Сіз мұны WordPress және Blog Link қосымшалары арқылы жасай аласыз. Митт Рэйдің жеті ұсынысын мына сілтеме арқылы көріңіз (http://social- marketingwriting.com/7-wavs-to-get-the-best-out-of-your-linkedin-profile/?pf ). Өтініш хат Төменде өтініш хаттың негізін дайындауға арналған кейбір ұсыныстар беріл- ген. Ілеспе хат қысқа болуы керек, мүмкін болса бір беттен аспасын. Он шақты немесе жүздеген хатқа көміліп отырған жұмыс берушіге уақыттан қымбат дүние жоқ. Хатқа тек ең орынды және қажетті ақпаратты қосыңыз. Бастапқы абзац осы хат не үшін жазылғанын қамтысын. Жарнамадағы не тізімдегі жұмысты қарады- ңыз ба, әлде атүсті жазудасыз ба? Егер атүсті жазсаңыз, қазіргі және алдағы уа- қытта мүмкіндіктер туралы сұрайтыныңызға мән беріңіз. Өтініш жазып жатқан кеңсе басшысының аты-жөнін тауып алыңыз, олардың аты-жөні мен лауазымын қатесіз жазыңыз. Жалпылама жазылатын «Сұраныс бойынша» немесе «Кадр бө- лімінің басшысына» секілді селқос тақырып – талаптың жоқтығын білдіртеді. Кі- ріспеден соң, кәсіби біліктіліктің өтініш берілген қызметке қалайша сай келетін- дігін анық көрсетіп жазыңыз. Қарым-қабілетіңіз бен тәжірибеңіз туралы мұқият жазылған қысқа-нұсқа мәлімет ұсыныңыз. Өткен-кеткен тәжірибеңізді қорытын- дылап, сол белгілі қызметте және жалпы компания үшін сізді бағалы қызмет- кер ететін кез келген арнайы жетістіктеріңізге баса назар аудартыңыз. Қосымша тіркелетін түйіндемеге сілтеме жасаңыз. Хатыңыздың соңғы абзацы сұхбаттасу немесе компания туралы мол ақпарат алу (жауапсыз қалған арнайы сұрақтары- ңыздың бар екендігін, осылайша сізді компания туралы толық зерттеуге итерме- легендігін көрсететін) секілді кейбір әрекетті қамтуға тиіс және сізбен қалайша және қай жерде байланыса алатындығы туралы толық ақпарат жазылуы керек. Электронды пошта, үй телефоны, ұялы телефон, факс секілді байланыс ақпара- тын қосыңыз. Хатыңызды тексеру үшін сарабдал сыншыны тауып алыңыз, өзі- ңізге сабақ берген профессорға тексертсеңіз де болады. Қатесін мұқият тексеріп шығыңыз, жібермес бұрын тағы бір тексеріңіз. Ілеспе хатыңызды компаниядағы белгілі бір лауазымға бейімдеп жазу себебінен, әркез жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазған сайын түзетулер енгізуге әзір болыңыз. Егер онлайн режимде өтініш жібермек болсаңыз, грамматика, орфгорафия, тыныс белгілері мен бос жолдың дұрыс екендігіне көз жеткізіңіз. Ал өтініш хат поштамен жіберілетін болса, хатты ұқыпты әрі таза ұстаған жөн. Алқам-салқам немесе салдыр-салақтығыңызды байқататын кез келген нәрсе кәсіби біліктілігіңіз туралы оқымай тұрып-ақ, сізді жарамсыздар қатарына қосып қояды.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==