Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

507 Кәсіби мүмкіндіктер ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИА Интернет тек медиа саласында емес, сонымен қатар өзге де мамандықтар бо- йынша жұмыс іздеу және өтініш берудің негізгі орнына айналды. Әлеуметтік ме- диа сайттары байланыс орнату, түйіндемелер туралы ақпарат алу, болашағы зор компаниялармен танысу және ұсыныс хаттар жинастыруда негізгі нарық алаңы- на айналды. Бұл сайттарды жұмысқа тұру мақсатында қолданарда өте қатаң бә- секе қалыптасқан, тіпті әлеуметтік желі жұмыс қарастыруда маңызды құралға айналып үлгерген, қысқа уақыт ішінде тиімді қолданудың бірқатар қағидалары мен әдістері жасақталды. Кадр бөлімінің басшысы мен жұмысқа жалдаумен айналысатын басқа жан- дар үміткерлерді әлеуметтік медиа арқылы зерттеп, баға беруді әдетке айналды- ра бастады. Әлеуметтік желілердің қайсысында болмасын, жеке парақшаңыз бен жарияланымдарыңыз кәсіби тұрғыда көңіл аударарлықтай екендігіне сенімді бо- лыңыз. Бұл дегеніңіз – Facebook секілді сайттардағы кез келген пост, соның ішінде жеке пікірлер, фотолар сізді пісіп жетілмеген, жеңілтек, не болмаса, белгілі бір ұйыммен болашағын байланыстыратын қатерлі таңдау екен деген ойға итер- мелейтін болжамдарды ұялатпау. Барлық әлеуметтік сайттарыңыздағы құпия баптауларды тексеру арқылы әлеуметтік тұлғаңызды қадағалаңыз. Кез келген фотоңыздың кәсіби түсірілгендігіне сенімді болыңыз, жұмыс беруші сұхбатта- суға шақырған жағдайда сол фотоларыңыз арқылы жазбай таниды. Сіз туралы мәлімет, әсіресе түйіндемеңіздің формасы болсын, мазмұны болсын кәсіби дең- гейде құрастырылғандығына сенімді болыңыз. Жазуыңыз жасөспірімдікіндей, грамматикаңыз қате, орфография және тыныс белгілері ұқыпсыз болса, кез кел- ген қызметке орналасуды шындап күтуде уақытыңызды текке кетіресіз. Кәсіби мансап жолында нені қалайтыныңызды, қолыңыздан не келетінін әрі тәжірибе- ңіздің қандай екендігін нақты жеткізіңіз. Көңілге қонымды ақпарат жариялаңыз. Мәселен, McDonald’s немесе Macy’s -та жаздыгүні жұмыс істесеңіз, медиакомпа- ния үшін клиент іздеу, радио не телевизия станциясындағы эфир уақытын сату секілді қызметке қатысты болса ғана, тізіп жазу қажет. Әлеуметтік сайттардың қайсысы сізді жақсы қырыңыздан танытатындығын анықтап алыңыз. Жеке тұлғаңызға қатысты кейбір мәліметтер Facebook парақ- шасына шықса, негізгі кәсіби байланыстарыңыз Linkedln -де жариялануы мүмкін. Медиаиндустрияда адамдармен араласудың ең тиімді жолы – Twitter -мен бай- ланысу. Мүмкіндігінше, ауқымды аудитория жинау үшін барыңызды салу әді- сі, яғни оңды-солды жариялай берудің түкке де қажеті жоқ. Шектен тыс әркім- мен байланыс орнату, әсіресе өзіңіз жыға танымайтын адамдармен араласу кері әсерін тигізеді. Кез келген сайтта қандай дүние жарияласаңыз да, соның ішінде түйіндеме болсын, сізді жақсы қырынан танытатындығына көз жеткізіңіз. Жеке парақша – бұл сіздің коммерциялық аргументіңіз. Жеке парақшаңыз неғұрлым тартымды әрі толық болса, достар қарасын көбейту мен ұсыныс беру мүмкін- діктері соғұрлым орасан. Social Marketing Writing бас директоры Митт Рэй жақсы парақша жасақтаудың негізгі жеті элементін ұсынды. Сапалы профайл суреті тұрсын. Бұл сурет бақытты, көңілді әрі бесаспап тұл- ғаны бейнелесін. Тақырыпты қатырып қою керек. Бұрынғы және қазіргі қызметтегі маңызды лауазымдарыңызды тізіп қойыңыз.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==