Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
11-ТАРАУ 506 йылымдық сценарийін жазу үшін таптырмас дайындық ретінде қарастырылады. Онымен қоса Луковски оқу орнында аудио және видео дайындау, сонымен қатар бұл екеуіне орайластырып сценарий жазу тәжірибесі керектігін де айтты. «Кор- поративтік медиаға енді кіріскен қызметкерге аудиожұмыс жетіп артылады», – дейді. Жаңа медиаға мәтін жазу, бағдарлама дайындау және продакшн курстарын әліңіз келгенше алып жүру керектігі айтпаса да түсінікті болар. Кестеңізге ви- зуал хабар мен графикаларды дамытуға бағытталған интернет курстарын, әсіре- се интернеттің интерактивті әлеуетін қолдануға ден қоятын курстарды енгізіңіз. Ең бастысы, сирек салаға машықтанамын деп тыраштанып, болашақтағы кәсі- би мүмкіндіктердің жолын кеспеңіз. Университеттен алған біліміңіз теория және техникалық шеберліктер шеңберінде қалмасын, сондай-ақ практикалық комби- нацияның үздік үлгісі болуы керек. Салаға сіңісу Медиаға мәтін жазудың қыр-сырымен таныстыңыз, курстар мен тағылымда- маларда мақтауға тұрардық сапалы сценарий жазуды үйрендіңіз, телевизия, ра- дио, кабельдік арна мен интернетті бір кісідей игердіңіз, диплом алу рәсіміне киетін баскиім мен мантияға тапсырыс беріп қойдыңыз, енді сізді әрі қарай ең қиын сәт – жұмыс қарастыру ісі күтіп тұр. Тағылымдамалар, жартылай немесе жазғы жұмыстар, оқу орныңыздағы жұ- мысқа орналастыру кеңсесі яки медиамен қандай да бір байланысы бар жақын- дарыңыздың көмегімен жұмысқа орналасып алдыңыз, деп сенеміз. Егер әлі ор- наласпасаңыз – жұмысқа тұру мүмкіндіктерін қарастыру, түйіндеме мен жұмыс- қа қабылдау туралы өтініш әзірлеңіз. Жұмыс туралы ақпарды қайдан білесіз? Мұны көптеген дереккөз арқылы, со- ның ішінде оқу орныңыздағы жұмысқа орналастыру кеңсесі, профессорлар, дос- тарыңыз, туыстарыңыз арқылы білуге болады, ең оңайы – өзіңіз қарастырыңыз. Егер теле-радионы дұрыс көрсеңіз интернеттегі Gale Directory of Publications and Broadcast Media ел ішіндегі барлық арнаның тізімін көрсетеді. Broadcasting & Cable, Variety секілді, сонымен қатар кәсіби, ғылыми журналдардағы «бос орындар» бө- ліміне көз қырын сала жүріңіз. Ғылым саласындағы медиа қызметін іздесеңіз, The Chronicle of Higher Education сайтын қарастырыңыз. Онлайннан Craig’s List-ке көз жүгіртіңіз. Жарнама қаптаған газеттерді оқыңыз. Желілердің, станциялардың, продакшн компаниялардың, жарнама агенттіктердің қызметкерлер құрамы мен кадр бөлімдерін, интернеттен табылуы мүмкін дереккөздерді тексеріңіз. Facebook және MySpace әлеуметтік желілерін, сонымен қатар Linkedln секілді кәсіби сайт- тарды ақтарыңыз. Жұмыспен қамту агенттіктерінің көмегі тиіп қалуы мүмкін, дегенмен ұсынатын қызметі үшін әкелерінің құнын сұрайтындардан сақтаны- ңыз, олардың кейбірі ақыны алдын ала сұраса, басқалары орналастырған соң сұрауы мүмкін. Кейбірі заңсыз қызмет етеді. Көңіліңізден шығатын бір немесе бірнеше вакансия тауып алған бойда тіркелуді бастаңыз. Сізге түйіндеме мен өті- ніш хат қажет. Әдетте өтініш хат жұмыс берушінің сізбен орнататын алғашқы байланысы болғандықтан, онда қарым-қабілетіңіз бен жұмыс беруші іздеп жүр- ген қызметкердің кейпі айнытпай бейнеленуге тиіс.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==