Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
505 Кәсіби мүмкіндіктер ОҚУДАҒЫ ДАЙЫНДЫҚ Көптеген станция менеджерлері тәжірибенің орнын ешкім алмастыра ал- майды дегенді алға тартады. Бұған қоса, жоғары оқу орны студенттерді медиа мансабына тиісті деңгейде даярлай алмайтындығын айтады. Олардың уайымы – студенттер колледж бітірген бойда, коммерциялық саланы түсінбей тұрып, осы салаға сіңісіп кетуге асығады. Басқа бір уайымы – студенттерге әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарды практикалық тренингпен үйлестіруге мүмкіндік бе- рілмейді, бірақ олар бір бағыт немесе бірнеше бағытта біраз жерге дейін баруға бейім келеді. Медиаға мәтін жазуға бейімдейтін курстар, негізгі тәсілдер мен форматтарды игеруге көмектеседі. Егер копирайтинг және пьеса жазу секілді жазудың белгілі бір аспектілерімен айналысуға бет бұрсаңыз, осы салалар бойынша біліктілікті арттыратын курстарға қатысыңыз. Грамматика, тыныс белгілері, орфография, сондай-ақ идеяларды анық әрі төтесінен жеткізуге машықтандыратын курстарға қатысып жүріңіз. Бұған қоса, сол курстардың ойлану, пайымдау және түсінудің тереңдігіне бойлататын әлеуметтік және саяси ғылымдарды да қамтитындығын ескеріңіз. Қойылымдық пьеса, ситком үшін кейіпкерлер мен сюжеттік желілер құрастыру – 30 секундтық жарнама сюжетіне, блогқа қолданыла ма, әлде жаңа- лықтар мен деректі фильмдерді әзірлеуге қажет пе, осыны анықтап алыңыз. Ме- диаменеджерлердің тарих, психология, саясаттану, әлеуметтану секілді курстар- дағы үлгеріміңіз туралы табельдерді тексеретіні бар. Олар сізді радиостанция не компанияда бірен-саран саланың маманы емес, толысқан, жан-жақты тұлға етіп шығаратын курстарға барғаныңызды қалайды. Егер осы салада басшылық қызметіне қол жеткізуді көздесеңіз – қаржыландыру мен бюджеттің қыр-сырын жетік білуіңіз керек болады. Оқу бағдарламасына бір немесе бірнеше бизнес курстарын қосыңыз. Егер әрі сценарист, әрі продюсер болуды мақсат тұтсаңыз – елмен араласуыңыз, кісілікке ұмтылуыңыз жүріс-тұрысыңыздан, жазған-сызған дүниелерден мен мұндалап тұрсын. Келіссөз жүргізуге қатысы бар курстан өт- сеңіз – келісімшарт жасасу кезінде өзіңізді суда жүзген балықтай еркін сезінесіз. Флорида штаты Форт-Майерстегі WINK-FM радиосының бағдарламалар ди- ректоры Чад Руфер радиода қызмет жасағысы келетіндерге тек өздері мән бергі- лері келетін бір ғана салада емес, сонымен қатар радиостанция жұмыстарының барлық аспектілерін меңгеріп алуға кеңес берді. Радио продакшн, сауда-саттық, маркетинг, эфир жұмысы және интернетке бейімдейтін курстарға қатысыңыз- дар. Руфер былай деп кеңес береді: «Қара тер, адал еңбекпен келген нанның дәмі тәтті болады». Стивен Ф. Остин атындағы мемлекеттік университеттің байланыс жөніндегі профессоры, доктор Жозеф Оливер теле-радио мансабын академиялық тұрғыда дайындау мақсатында, осы салада бәсі озып тұрған үздік станциялар басшыла- рының ұсыныстарын зерттеді. Практикалық, қолданбалы медиа курстары және бизнеске бағытталған курстар жоғары бағаға ие болды, гуманитарлық ғылымдар да мықты қолдауды иеленген. Менеджерлер тегеурінді қызметкерлердің төгілтіп жазу қабілетіне аса мән берді. Байланыс кеңесшісі және масс коммуникация профессоры, доктор Жефф- ри Луковскидің пайымдауынша, корпоративтік медиа сценарисі болатын сту- дент мақала мен сценарий жазуға қатысы бар түрлі курстарға қатысып, соның ішінде видео, аудио, журнал және қысқа оқиға жазу курстарынан да тәлім ал- ғаны абзал. Соңғы екеуі баспасөздік және драмалық формадағы зерттеудің қо-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==