Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
11-ТАРАУ 504 таспаға түспеген не жазылмаған суырып салма мәлімдемелер, сахналар; титр, атаулар, қысқа фразалар және слогандар; таныс символдар немесе дизайн үлгілері; қарапайым ингредиенттер немесе мазмұндар тізімі; идеялар, процедуралар, әдіснамалар, жүйелер, процестер, концепциялар, қағидалар, ашылулар мен құрал, түсіндірме немесе иллюстрациялар; жалпыға ортақ саналатын ақпаратты қамтитын және автордың төлнұсқасы көрсетілмеген туындылар. Толық формадағы жарияланбаған сценарийлер немесе сериалдарға қатысты сценарийлер тобы авторлық құқықпен қорғалуы мүмкін. Пьеса, мюзикл, коме- дия жанрларына арналған сценарийді, фильм сценарийін немесе осыған ұқсас драмалық туындыны авторлық құқықпен қорғауға болады. Авторлық құқық кең- сесі бұл жұмыстарды аудитория алдында «орындау» мақсатымен немесе жанама «кез келген әдіс немесе процестің» көмегімен дайындалатын «жарияланған және жарияланбаған» жұмыстар деп сипаттайды. Сахналық өнер жұмыстарының үл- гілері ретінде музыкалық жұмыстарды, соның ішінде ілеспе сөздер; драмалық жұмыстар, оның арасында кез келген сүйемелдеуші музыка; пантомималар және хореографиялық жұмыстар; кино және басқа аудиовизуалды жұмыстар- ды айтуға болады». Белгілі бір сценарийді тіркеуден өткізу, сол сценарийді ғана қорғайды және бұл сценарийден әрмен қарай өрбитін басқа сценарийлерге не- месе тұтастай сериалдарды қорғауға қауқарсыз. Дыбыс жазбасы да авторлық құ- қықпен қорғалуы мүмкін. Авторлық құқық формалары және авторлық құқықтың не екендігін қалай анықтауға болатыны, авторлық құқықты иелену процедуралары туралы түсінік- темелерді Вашингтон қаласы, 20559, Конгресс кітапханасы, Авторлық құқық кең- сесінен немесе www.copyright.gov сайтынан ала аласыз. Авторлық құқық 70 жас- тан асқан автордың туындысын мәңгілікке қорғайды. 2009 жылдың аяғында Ав- торлық құқық кеңсесі жұмыстарды тіркеудің, электронды онлайн толтырудың жаңа процедурасын қолданысқа енгізді. Бұл процедура TX (әдеби туындылар), VA (бейнелеу өнері), PA (сахна өнері) және SR-нің (дыбыс жазбалары) стандартты категорияларындағы қағаз формаларды толтыртатын ескі әдіске қарағанда әл- деқайда жылдам, тиімді әрі арзан. Әр ұсынысыңызға 65$ төлеу арқылы соңғы әдіске әлі де болса иек арта аласыз. Алайда ЕСO ( electronic copyright office ) арқылы туындыңызды онлайн тіркей аласыз, материалыңызды да онлайн енгізе аласыз немесе онлайн тіркеліп, 35$ көлемінде ақша төлеген соң, хард көшірмені Автор- лық құқық кеңсесіне жібере аласыз. Егер авторлық құқықты қарастыруға онлайн тапсырыс бергіңіз келмесе, сце- нарийді қорғаудың басқа бір жолы – Америка Жазушылар гильдиясына (WGA) қарасты Сценарийді тіркеу сервисіне жүгіну. Бұл сервис гильдия мүшелерімен қатар, мүшелік етпейтіндерге де қалта көтерерлік орташа ақы негізінде көмек көрсете алады. Қойылымдық сценарийлер немесе басқа жазба материалдарын Шығыс және Батыс Жазушылар гильдиясының сайттары арқылы тіркеуге бо- лады. Мекенжайы бар тіркелген және сертификатталған поштаға қатысты жиі қолданатын тәсіл болашақтағы орын алатын кез келген сот істерінде белгілі бір құндылыққа ие болуы мүмкін. Алайда мықты қорғалу үшін ресми тіркелу жұ- мысын қолдануға кеңес беріледі.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==