Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
503 Кәсіби мүмкіндіктер Презентацияңызды жақсарта түсетін кез келген басқа материалды: видео, ау- дио, PowerPoint , сурет, диаграмма, тіпті бас кейіпкерлердің қуыршақтарын да қолдана беріңіз. Бағдарламаны көрсету үшін еншіңізде санаулы минут қана болатынын есіңіз- ден шығармаңыз. Концепцияңызды арық сөйлеп, семіз шығарлықпен көмкеріп сатуыңыз қажет. 10-тарауда сөз болған «Хай концептіге» өтіңіз. Сіздің мақсатыңыз – бағдарлама дайындаумен айналысатын адамдарды идея- ңыздың іске асыруға тұрарлық екендігіне көндіру, сонымен қатар бір немесе бір- неше толық сценарий жазу үшін аванс беруін сұрау. Егер бас-аяғы бүтін сцена- рийіңіз болса, расында, сапалы екеніне көз жеткізіңіз. Егер олар мұны ұнатса, сізбен бірнеше сценарий жазу туралы келісімшарт жасасуы мүмкін, ал өндіріс тобының мүшесі не сценарист болсаңыз, онда пилоттық жоба үшін ақша беріп қалуы да ықтимал. Ұсынысыңыз олардың талғамынан шықпаса – көп өтпей қабылданбағаны ту- ралы хабар естисіз. Алайда ұсынысыңыз олардың оң жамбасына келіп жатса – уақыт оздырмай бірден агентіңізге (агентіңіз болмаса, өзіңізге) қоңырау шалады. Ал ешқандай да хабар алмайтын болсаңыз, агентіңізден ұсынысыңыздың стату- сын тексеру туралы сұраудан еш қысылмаңыз; егер агентіңіз болмаса араға уақыт салып, бірнеше аптадан кейін арнаға немесе продакшн компаниясына қоңырау шалып, мән-жайды білесіз. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ Сіз идеяның авторлық құқығын қорғай алмайсыз. Егер креативті болсаңыз, кейбір уақыт, кейбір орын, бір немесе бірнеше идеяңызды пысықайлар көк тиын- сыз иемденіп алады. Бұл бәріміздің де басымыздан өткен; сериалдар форматы, сценарий нобайлары және әртүрлі бағдарламаларға арналған концепцияларды қу продюсерлер ауық-ауық бейімдеп алып, тіпті толығымен қолданып жүрді. Бір жағынан, көптеген идеяны, сценарий концепциялары мен форматтарды бір- неше адам бірдей уақытта ойластыруы мүмкін, желіге, станцияға не агенттікке өткізген туындыңыздың басқа біреудің аты-жөнімен шығып жүргенін көрсеңіз не естісеңіз – бұл әлдекім ойлағандай барымта болмауы да мүмкін. Себебі арналар, станциялар, продакшн компаниялар мен агенттіктер сіз ұсынған дүние төлнұсқа болмаса, бірінші боп қабылданбаған жағдайда, өзіңізді қорғау мақсатында ре- лизге қол қоюды талап етеді, сөйтіп, дүдәмал боп жүргеніңіз. Өзіңізді қорғау үшін, істеген жұмысыңыздың авторлық құқығын қорғауға ты- рысыңыз. Өкінішке қарай, жазушының қолынан шыққан видео немесе аудио тү- гелдей авторлық құқықпен қорғалуға келе бермейді. Бағдарламаның идеясы мен тақырыбы қорғалмайды. АҚШ Авторлық құқық жөніндегі кеңсесінің мәліметін- ше: баяндаушы жобалар, форматтар, пьеса мен кино сюжетінің мазмұндамасы, қаңқалы либреттолар, қысқа шолулар мен нобайлар жарияланбаған қалыптағы авторлық құқық ретінде тіркелмейді. Авторлық құқық қаламгер идеясының әде- би немесе драмалық кескінін қорғай алады, бірақ идеяның өзін емес. Егер сце- нарийіңізді авторлық құқықпен шектеп тастағыңыз келсе, сценарий жай ғана нобай не синопсистен үлкен туынды болуға тиіс. Сол сценарий хабар дайындап кете беретіндей күйде дайын тұруға тиіс. Авторлық құқық кеңсесі қорғалуға жа- рамайтын материалдарды анықтады: Айтарлықтай бейнелі формада тіркелмеген туындылар. Мәселен: нотамен белгіленбеген немесе түсірілмеген хореографиялық жұмыстар;
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==