Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
11-ТАРАУ 502 журналында жарық көрген «Сценарий жазу» мақаласында сценаристерге: «Бет- тің сыртқы келбеті және оқылуы – форматқа, шрифтің өлшеміне, қыздың жиған жүгіндей ұқыптылыққа байланысты екендігін ескертеді... алғашқы әсер оқыр- манның 20 беттен әрі асар-аспауын анықтауда үлкен рөл ойнайды», – дейді. БАҒДАРЛАМАНЫ КӨРСЕТУ Бағдарлама идеясын сатудың қарапайым жолы – бағдарламаны көрсету. Ар- налар және тәуелсіз продакшн компаниялар жаңа бағдарлама идеясын іздеп, әр апта сайын ұсынылған жүздеген идеяның арасынан үлкен үміт күттіретінін таңдап алады. Яғни идея тудырушыға арнаның немесе продакшн компанияның бағдарлама директорына бір немесе бірнеше ұсынысын бетпе-бет көрсетуіне рұқсат етіледі. Мұндай презентацияны бағдарлама көрсету дейміз, кейде өндіріс саласындағылар спитболинг (spitballing) деп атап жүр. Идеяңызды ұсынуды және бағдарлама көрсетуді фрилансерлік негізде сұрай аласыз, дегенмен агенттің кө- мегіне жүгінсеңіз мүмкіндігіңізді мүлт жібермейсіз. Бағдарлама көрсетудің мақсаты – продюсер немесе дистрибьюторға сериал- дың (деректі фильм, телевизия киносы не арнайы музыкалық шығарылым се- кілді бір реттік бағдарлама) аудиторияны өзіне баурайтынын және компания- ға қыруар қаржы құятынына иландыру. Осылайша бағдарлама мазмұнынан да биік дүниені ұсынасыз. Бағдарлама мазмұнын ұқсас концепциялардан өзгеше ететіндей кейіпкерлер мен орындаушыларды, толық форматты (егер бұл ситком немесе драма болса, соның ішінде сюжет пен кейіпкерді), декорацияны және кез келген арнайы атрибуттарды сипаттаңыз. Сонымен қатар бөлінген қаражат, әлеуетті көрерменнің бірқатар демографикалық деректері, бағдарлама форматы мен көрермен демосы арқылы тартылуы мүмкін жарнама берушілердің түрле- рі, бағдарлама көрсетілімінің бағасы (яғни басқа арналармен және дистрибью- торлармен бәсекелестік), нарықтың шектеулері және промоушн әлеуетін ұсыну кәдеге жарауы мүмкін. Басқаша айтқанда, егер орынды деп тапсаңыз продакшнның, дистрибуция- ның және сатылымның жобасын, бағдарламаның бүге-шігесін сипаттап көрсеңіз болады. Егер кейіпкеріңіз немесе басқа бағдарлама элементтері қосымша табыс- қа сұранып тұрса (жұмсақ ойыншықтар, кейіпкер бейнеленген жейделер, пос- терлер, тақырыптық жазбалар немесе стенд-ап комедия видеолары) атап өтіңіз. Көрсету анық, айқын және жылдам орындалуы қажет. Басшы жадында жақсы сақталып, оны атқарушы қызметкеріне қысқа да нұсқа қайталап беретіндей жет- кілікті деңгейде толық әрі қарапайым болғаны жөн. Бастысы, жалықтырып ал- маңыз. Ең табысты көрсету, ауызша айтылатын презентациядан әлдеқайда өтім- ді. Әркез үлестірме мәліметтер қосып отыруыңыз керек, яғни басшының кейін не көріп, не тыңдағаны туралы есіне салатын дүние; нобай немесе дұрысы – бағдар- ламаның тритменті; егер бұл сериал болса, синопсис және кемі бір эпизодтың нобайы, тритменті; бұған қоса, бірнеше кейін жүретін эпизодтардың нобайы немесе шолуы; басты кейіпкерлер туралы анық тізім және сипаттама, сюжеттік желілер мен декорация; бағдарламаны бәсекеге қабілетті ететін оның кез келген бірегей сипаттамасына (Лос-Анжелес полиция департаменті қызметінің шына- йы сахналары немесе танымал стенд-ап комигі, сізде мұндай адамнан құқықтық міндеті бар екенін болжау секілді) назар салу; кейіпкерлермен бірге эпизодтар үлгісі мен диалог; арнайы эффектілер және бағдарламаға әр беретін музыка.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==