Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

501 Кәсіби мүмкіндіктер Жаңа медиаға арнапжазудың өзіндік ерекше табиғаты бар. Мұндағы өнім дәстүрлі сценарий жазуға мүлде келіңкіремейді. Иірімге аз орын беріледі. Шешуші сәт бас жағында анық әрі ықшамдалған қалыпта беріледі. Мазмұн, үлгілер және түсініктемелер дәстүрлі сценарий жазудан алабөтен қалыпта ұйымдастырылады. Әр сәт анық жеке сипатта жазылуға тиіс, оқырман бұдан өзіне керектісін таңдап, керексізін аттап кете беретіндей болса игі. Оқырман сценаристің дәстүрлі мәтінді жазуда қолданатын біркелкі эпизодына немесе логикасына ермеуі де мүмкін. Сол себепті қай жерінен оқыған кезде де, әр сәт өзінің мән-мағынасын сақтап тұрсын. Қызметкер үшін интернетке сценарий жазу қиын шаруа, себебі енді-енді өз тұғырын иеленіп жатқан жаңа салада, күні кеше ғана пайда болған эксперимент- тер алаңында жол табады. Жаңа медиаға арнап үздік сценарий жазудың дәуірі әлі алда. ҰСЫНЫС Көлемді форматтарды, соның ішінде пьеса және корпоративтік сценарий жа- зуды ұсыныссыз бастай алмайсыз. Ұсыныс толық сценарийді жазуға келісімшарт алудың алғышарты саналатын тритментті бастай беруге рұқсат алмас бұрын қа- былдануы қажет. Сценарист ретінде продюсерге, станцияға, жарнама агенттігі- не, түптеп келгенде, жобаға қатысты бастапқы сыни пікірлерін білдіруге тиіс кез келген тұлғаға немесе кеңсеге арнап ұсыныс жазасыз. Желіге жобасын сатқысы келетін продюсер, ең әуелі, ұсыныс дайындайды. Ұсыныста сценарийдің не туралы екендігі баяндалады, сонымен қатар сцена- рийді түсімі мол етіп түсіруге қажетті логистика, соның ішінде бюджет, ықтимал дистрибуция, промоушн және тағы басқа салалар сипатталады. Ұсыныс жоба- ның идеясын сатуға тиіс – жобаны аяқтауға қажетті зерттеу мен өрбітуді, тағы басқа ресурстарға арналған дереккөздердің дұрыс таңдалғанын өткізе білуі ке- рек. Епті болыңыз. Продюсер телевизияда үздік сценарий жазу қабілеті бар бо- луы мүмкін бірнеше жаңа қызметкерге «Римдіктер қаланы тонап кетті» атты «ең қымбат сюжетті» жазған аңғал сценаристің прототипін мысалға келтіріп, қар- жылық тұрғыдан оның ұсынысын орындау мүмкін емес екендігін айтқан болуы керек. Видеодрама шоуының азын-аулақ қаражатына мұндай жобаның іске ас- пасы анық. Бәлкім, Холиуд фильмінің бюджетімен орындауға да болатын шығар. Ұсыныс, негізінен, сауда құралы ретінде қарастырылады, мұнда әлеуетті сатып алушыға жазған дүниеңіздің ақшалай табыс пен абыройға кенелтетінін айтып, сатып алдыртуға көндіре аласыз. Ұсыныста мыналар қамтылсын: (1) қажеттілік- тер бағалауы – сатып алушыға бұл сценарий не үшін қажет; (2) сценарий көмегі- мен қол жеткізетін мақсат (Бұл үйретуге арналған корпоративтік сценарий ме? Көңіл көтеруге арналған ситком ба?); (3) идея мен сценарийдің мазмұндамасы; (4) әлеуетті аудитория; (5) сценарийдің мүмкіндігі (Сериалдар жазуға бола ма? Ұсынылған бір немесе бірнеше бағдарлама өндірісіне қажетті материал шыға ма? Дарынын мойындайсыз ба? Егер продюсер немесе продакшн компанияның құ- рылтайшысы болдыңыз делік, онда мәтін жазу мен продакшн ресурстары тиімді бола ма?); (6) көзделген бюджет, соның ішінде қымбат әрі арзан сюжеттің бағасы; (7) үлестіру және дистрибуция – кестедегі орны, рейтингтік әлеует, синдикация болжамы, корпоративтік шектеулер. Барлық жоспарларыңыз бен атқарған ауыр еңбегіңіз далаға кетпесін десеңіз есте сақтаңыз: Тиянақтылықтың да жөні бір бөлек. Майкл Сингх Writer’s Market

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==