Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
11-ТАРАУ 500 Қандай маман иесі болсаңыз да бәрібір, тек төгілтіп жаза білсеңіз болды. Сынықтың орнына түскеніндей өзіңіз қызмет ететін медиумның мақсатты аудиториясына дәл түссеңіз, соларға икемдеп құрастыра алсаңыз – онда маман ретінде маңызыңыз арта түседі әрі көп ұзамай жетекші қызметкерге айналасыз. Жұмыс беруші мәтін жазу қабілетін тексергенде, ең бірінші үміткердің ілеспе хатымен түйіндемесіне ден қояды. Жұмыс беруші жинаған тәжірибеңіздің деңгейін түсінгісі келеді, сол үшін нақты рөлдеріңіз бен жауапкершіліктеріңізді және сол тәжірибеңізден алған қабілеттеріңіз бен түсінгендеріңізді тайға таңба басқандай анық етіп көрсете білу әлдеқайда тиімдірек. Бойында бір міні жоқ қызметкердің табиғатында жетістікке жеткіш қасиеттер шоғыры мен техникалық қабілеттер болуға тиіс. Сценарий жазу – тек сөздерді орнына қойып шығу емес, бұл сол қасиеттер мен техникалық қабілеттерді түсінгендіктің нәтижесі. Күні кеше дипломын алған жастардың толқуы мен құлшынысы өз ісіне берілумен, жанқиярлық және шынайы өмірді түсінумен ұласыпжатуға тиіс. Нақтыбір сала бойынша курстарға бару және сыныптық жобалар – атсалысу экспозиция ретінде қарастырылады. Колледж бен университет бар білгенін үйретер, ал түлек болса оқыған салаларынан нәтиже шығарсын. Сайып келгенде, оқыған-тоқығанын шынайы өмірде қолдана білгендер ғана жұмысқа жарамды үміткер атанады. Оқу аяқталғанша өткен тағылымдама мен бастапқы деңгейдегі жұмыстан алған тәжірибе үміткерге теория мен практиканы біріктіруге жағдай жасайды. Мәселен, қазір ғана оқып бітірген және еш тәжірибесі жоқ студенттер тиімді жұмыстың өте маңызды аспектілерін, атап айтсақ, ұсақ-түйекке, процеске, процедураға және хаттамаға мән беру керектігін толық деңгейде түсінбей жатады. Кейде олар жұмысты орындаудың, мерзімінде аяқтаудың және соңына дейін апарудың кей элементтерін түсіне алмай дал болады. Қайсыбір жұмыс берушілердің сөздеріне сенсек, түлектердің басым көпшілігі этика, стандарт және ұзақмерзімді олжа секілді бәсі биік құндылықтарды пысқырмай, қысқа мерзім ішінде пайда табуды көксейді екен. Оңай олжаны аңдыған адамның дәмесі өз жұмысына және сол жұмыстан алатын әсерге құлай сенетін адамның ұсынысынан әлдеқайда бөлек. Жұмысқа қызметкер қабылдау кезінде үміткердің бойынан өз ісіне берілген табандылық, ерекше қызығушылық пен құлшынысты іздейміз, сондай-ақ ынта-жігерді компанияның жеке бағытына сәйкестендіруге тырысамыз. Бұлардың барлығы үміткердің жазу және жұмыс істеу әдеттеріне әсер етпей қоймайды. Коммуникацияның орны бір төбе. Іске аспаса нақты арна мен коммуника- цияның медиумын түсіну – пайдасы жоқ іс. Үміткердің әрқайсысының мұнда- ғы «ойыншылардың» кім екенін, қалай араласуды, олармен тіл табысу үшін қалай жазу керектігін түсінгені жөн. Қызметкер бұл коммуникациялық қа- білеттерін тек клиенттердің жобаларында ғана емес, компаниядағы әріптес- теріне де қолдана білуі керек. Аралас-құраластыққа қыры жоқтық кесірінен өнімділікті, уақытты жоғалтқан, әрі-беріден соң жұмыстан өз еркімен кеткен талай жағдайды өз көзіммен көргенмін. Егер қызметкердің алып-қосар қан- дай да бір құнды дүниесі бола тұра, томаға тұйық болса әрі адам баласына жуыспаса, кіммен араласудың жөнін білмесе – компания ондай адаммен қош айтысады. Жаңа медиа ортаға бейімделіп сценарий жазудың күні туды. Мұнда коммуникацияның бар-жоғын елеп-екшеуге еш уақыт жоқ. Жұмыс өте жоғары деңгейде және қатаң график ішінде аяқталуға тиіс. Табысты қызметкер жұмысты белгіленген мерзімде аяқтамаудың салдары келесі тапсырмаға не жобаға тіпті қаламақыға, жұмыстан айырылуға әсер ететінін түсінуі қажет.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==