Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
499 Кәсіби мүмкіндіктер технологиясы мен тренинг, компания беделін арттыратын продакшнды атап өтті. Луковски: «Егер драма жазған болсаңыз, соның ішіне еніп кетуге жап-жақ- сы мүмкіндігіңіз бар. Автордан өнім туралы сұратқан ақпаратын оқу мақсатына байланыстыру үшін тақырыптық зерттеуге немесе рөлдік пьесаға айналдыруды қалайды», – дейді. Луковски жаңадан кіріскен сценарист өндіріс жөніндегі көмекші бола ма, әлде редактордың көмекшісі бола ма, әйтеуір шағын корпорацияның бірінен бұйыр- ған кез келген жұмысты атқаруға кеңес береді. Дайындық пен тәжірибе кезеңінен өткен соң Fortune 500 тізіміндегі алпауыт компанияның бірінен жұмыс қарастыр- саңыз болады. Луковскидің ойынша, корпоративтік медианың продакшн агент- тіктері арқылы да жұмысқа орналасуға болады, себебі олардың жазу және кадр дайындау жөніндегі компаниялармен, корпорацияның медиабағдарламаларын дайындайтын жеке өндіріс орындарымен келісімшарты бар. Луковски қандай жағдай болмасын, портфолиомен келіп өзіңіз жазған жұмыстың бір парасын көрсетіп, оған қоса қажетті жұмысты атқара алатын қабілетіңіздің бар екендігін дәлелдеу керектігін айтады. Жылына бір шығатын Writer’s Market кітабы бизнес пен білім беруге арнап сценарий жазуға маманданған маңызды продакшн компанияларды тізіп береді. ИНТЕРНЕТ Интернеттегі ойын-сауықтық және ақпараттық бағдарламалар күн санап ар- тып келеді. Телевизия, радио және кабельдік жүйеден таралатын бағдарламаның бәрін интернеттен табатын күн де алыс емес секілді. Қазіргі өскелең ұрпақ, әсі- ресе болашағын медиасценарий жазумен байланыстырғысы келетін студенттер, осы дамуынан жаңылмайтын коммуникация құбылысының бастапқы кезеңіне іліге алады. Интернетке сценарий жазудағы маңызды тәсілдің бірі – дәстүрлі бұ- қаралық ақпарат құралдарын қолдану. Телевизия, радиостанция және кабель- дік жүйелердің басым көпшілігі өз бағдарламаларын киберкеңістікке шығармас бұрын ыңғайлы форматқа бейімдеп алады, интернеттің интерактивті әлеуетін кәдеге жаратады. Бұл жарнама роликтеріне де қатысты тәсіл. Тартымды әрі қы- зығып әкететін сілтемелерді қолдану ықтимал клиентті жарнама алаңына жете- лейді, кейде олардың жарнамаға елігіп кететіні соншалық – тіпті өнім не қызмет- ті сатып алмайынша орнынан тапжылмайды. Жарнама агенттіктері интернетке қалай бейімдеп жазу керектігін бес саусағындай білетін жаңа авторлар үшін же- місті алаң болмақ. Корпоративтік медианың бәрі интернетті кеңінен қолдануда, сәйкесінше, компания ішінде және мультимедиа қызметтерін ұсынатын штаттан тыс про- дюсерлердің корпоративтік жазу және продакшн қызметке деген сұранысы арта түсері анық. Мұндай компанияның бірі – Pangaea Multimedia Communications Corporation (9-тарауда талқыланды). Осы компанияның негізін қалаушы әрі пре- зиденті Эрик Жонстон мультимедиа әлеміне, интернетке сценарий жазу және продакшн саласында еңбек еткісі келетін жандарға пайдалы ақыл-кеңесін берді. Жаңа медиа, соның ішінде интернет әлеміндегі жұмыс беруші ретінде видео дайындаудан бастап компьютерлік технологияның қыр-сырын беске білетін дарынды тұлғаларды үнемі іздейміз. Мұнда бәсекелестіктің бәсі қызып тұр. Күні кеше ғана диплом алған жастарға тек өз құрдастарымен ғана емес, сонымен қатар жүздеген жаңа шағын кәсіпорындарда қызмет ететін әрі мүйізі қарағайдай кәсіби қызметкерлермен де бәсекелесуге тура келеді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==