Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
11-ТАРАУ 498 Көптеген компанияның меншігінде жеке медиа орталықтары бар, мұндағы ав- торлар мен продюсерге төленетін ақы мөлшері станциялар мен арналардағыдай үнемі өзгеріп тұрады. Фрилансер ретінде сценарий жазу және оны қолданысқа жарату – үлкен бизнес көзі. Тіпті меншігінде жеке өндірістік бөлімдері бар көп- теген компанияның өзі, үнемі сырттан басқа адам мен кеңесшілерді жалдайды. Өнімдері немесе қызметтері жайлы қандай да бір ақпар білетін компаниямен байланыс орнатыңыз. Егер медиа-орталық директоры, кадр бөлімінің басшысы не компанияның басқа қызметкерімен сұхбаттасу бұйырса, тек корпоративтік медиаға сценарий жазу немесе хабар дайындаудың ғана маманы емес, компания жүргізетін саланың да шебері секілді сөйлесуге өзіңізді шыңдаңыз. Егер жақсы әсер қалдыра білсеңіз, олар сізден нақты бір тақырып төңірегінде ұсыныс сұрауы мүмкін. Сол ұсынысыңыз ұнап жатса сізден нобай немесе трит- мент өткізуді сұрап қалар. Жазуды бастамас бұрын, қос тарапты да қанағаттан- дыратын төлемақы, кесте, сценарийдің мазмұны мен мақсаты турасында мән- жайды нақтылап, келісімшартқа жүгінерлік келіссөздер жүргізіп алыңыз. Mutual Life Insurance Company -дың видеотренинг директоры Жон Хэнкок корпо- ративтік видео әлеміне бас сұғуды жоспарлап жүрсеңіз, «өзіңізге ұнауы мүмкін белгілі бір саланы таңдау» қажет екендігін айтады. Студент өзі қызығушылық та- нытатын нақты өндіріс саласының мазмұнын зерттеу арқылы тыңғылықты дайын- далуы қажет. Дей тұрғанмен, Кингтің сөзінше, автор үшін өндіріс немесе видео тә- сілдерін білуден де маңызды басқа бір нәрсе бар, ол – креативті жазу, тілді, соның ішінде тілдік негіздерді дұрыс бағытта қолдану және адамдармен тіл табыса білу. Ол сценарий жазу курстарын өз еркімен оқуды қолдады. Сонымен қатар корпо- ративтік видео саласына жұмысқа тұруға үміткер адамдарға өндірісте нақты не істегенін баяндайтын демо дайындап әкелуге (егер мүмкін болса) кеңес берді. Егер үміткер демоны бастыққа көрсете алмаса, жұмыстағы басқа тұлғалардың қарауы- на тастап кетуі керек. Тым болмаса бірнеше сценарий үлгісін тастап кетуге тиіс. Скотт Карлберг «Видеоменеджментте» ( Video Management ) жазған мақаласын- да фрилансердің жазушы ретіндегі тұтастығы мен олар игеріп жатқан саладағы мәртебесін қорғауға бағытталған бірнеше ұсыныс айтты. Оның пайымдауынша, фрилансер жұмыс туралы мағлұматтың барлығынан хабардар болуға тиіс, өнді- ріске қатысы бар жауапты қызметкерлермен тікелей байланыса алуы керек. Ме- диажобаға ненің қажет екенін және мәселелерді шешу үшін сценарийде қандай мақсаттарды қолданылуға тиіс екендігін айқындап алу үшін клиентпен бетпе- бет кездесу керек екендігін айтады. Карлберг компанияда сізге болысатын бір адамның болғанын құптайды, көтере алмайтын шоқпарды белге байлап, уәде беруге немесе қисынға келмейтін шаруаны атқарам деп арандап қалмауды ес- кертеді. Сайып келгенде, фрилансерді кез келген ұйымдағы ішкі саясаты, «кор- поративтің ішкі саяси ойынындағы жауынгер (пешка)» есебінде пайдаланудан бойын аулақ ұстау керек. Digital Equipment Corporation -ның коммуникация жөніндегі кеңесшісі Доктор Жеффри Луковскидің айтуынша, егер сіз сценарист болсаңыз, корпоративтік медиада сізге арналған мүмкіндік жетіп артылады. Ол көп компания қыруар ақшаны штаттан тыс авторларға құртатындығын, ал көбісінің айлық төлейтін қызметкерлер тізімінде сценарист-продюсерлерінің бар екендігін, ал басым көп- шілігінің штаттан тыс және штатта жұмыс істейтін сценаристерді қолданатын- дығын айтады. Оның сөзінше, корпоративтік медиа-авторлары баспасөз мақа- ласы мен сценарий жазуды қатар алып жүргенін құп көреді. Сценарий жазуға керек драмалық симуляцияларды, мәселен, сауда-саттық тәсілдерін үйрету үшін клиенттік ортаны көшіру, компания өнімі мен қызметі туралы жаңалық, өнім
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==