Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
497 Кәсіби мүмкіндіктер 17. Күрделі мәселелерді жеңілдету, оларды тыңдарман мен көрерменге ма- ғыналы қалыпта жеткізе білу қабілеті Жаңалық жазушыға лайықты жұмысты қайдан іздейсіз? Кез келген жерден және қайдан болса да іздей аласыз. Сіз бұл салаға именбей кіруді қаласаңыз – еңбек жолыңызды әуелі шағын станциядан бастауға тырысыңыз, мұнда сіз жа- зудың түр-түрін, соның ішінде жаңалықтар жазуда тәжірибе жинақтай аласыз. Ал көңіліңіз атағы жер жаратын үлкен станцияларда жұмыс істеуді қалап тұрса, қызметіңізді копирайтер не өзге кіші лауазымнан бастауға әзір болыңыз. Деген- мен есіңізде болсын, желіде немесе осыған ұқсас үлкен орында алға қарыштау өте-мөте қиынға соғады, айтарлықтай тәжірибеңіз бен бәсекеге қабілетті құры- лымыңыздың жоқтығы сізді ұзақ уақыт бойы жаңалықтар жазу жұмысынан ал- шақтатып, баспалдақтың бастапқы басқыштарында ұстап қалуы әбден мүмкін. Тәжірибесі мол жаңалық жазушылар және менеджерлер шағын станцияның бағытын таптырмас мүмкіндік ретінде ұсынады. Егер сіз журналистика, комму- никация, хабар тарату саласы немесе осыған ұқсас факультеттерде білім алып жатқан болсаңыз, әдетте профессорларыңыз өз еліңіздегі немесе аймағыңыздағы станцияларға хабарласып, қабілетті бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру жайында ұсыныстар айтады. Әрине, еліңіздің кез келген түкпіріндегі станция- лармен өз бетіңізше байланыс орната аласыз; мұндайда профессорларыңыздан түйіндеме жазуға қол ұшын созуын өтініңіз және диплом жазғанда (бәлкім) уни- верситеттегі станция немесе жергілікті коммерциялық станциядан алған тәжі- рибеңізді еш ұмытпаңыз. Оқытушыларыңыз жұмыспен қамту ұйымдары мен ассоциацияларға жөн сілтейді. Фрилансер жаңалық тілшісі әрі продюсер маман – әдетте ақпарат хабарлары мен терминдерін игерген, жеткілікті деңгейде өзін мойындата білген адам. Де- генмен жергілікті станциялар тәжірибеден жұрдай адамға біраз басылымда жұ- мыс істеуді ұсынады. Өзіңіз автор болсаңыз, оның үстіне еншіңізде «тілін» жақсы білетін камераңыз немесе креативті диктофоныңыз бар болса, жергілікті шара- лардан көлемді мақала жазудан жаңылмайсыз. Өлкенің тарихы, географиясы, азаматтық істер, жергілікті және мемлекеттік мерекелер, ерекше оқиғалар мен тұлғалар ағыл-тегіл мүмкіндіктердің есігін ашып тұр. Бос уақытыңызды жар- тылай жұмыс күніне арнау оңтайлы болуы мүмкін. Кейбір үлкен станциялар студенттерді кампустағы жаңалықтар, әсіресе спортқа қатыстыларын жариялау мақсатында штаттан тыс тілші ретінде жалдайды. Тағылымдамалар да аралас- құралас секілді тәжірибе ұсынады. Егер де интернет бағдарламасына сценарий жазу және продюсерлік курстарға баруды қажет етпей, зеректіктің арқасында өз бетімше үйренемін десеңіз, күн санап күрт өсіп жатқан жаңалық сайттарына үңілгеніңіз жөн. Қызметте қандай құзырды иеленетініңіз маңызды емес, ең ке- регі – мәтін жаза білу. Бостондағы WCVB телеарнасының жаңалық жүргізушісі, сауатты сценарист Жим Бойд өзінің табысын ерте бастан грамматикаға ден қою- дың нәтижесі дейді. «Менің бұл кәсібімде жаза білуден асқан маңызды ештеңе жоқ», – дейді. КОРПОРАТИВТІК МЕДИА Writer’s Market деректеріне сүйенсек, бизнес және ағартушылық фильмде- рі Холиудпен салыстырғанда үлкен бизнес көзі екен. Бизнес пен өндіріс алуан түрлі формат пен түрлерді, соның ішінде жарнаманы, ақпаратты және тренинг фильмдерді, әсіресе онлайн материалдарды талап етеді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==