Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

11-ТАРАУ 496 да бір тағылымдамада үйренуі мүмкін... бастысы медиаға мәтін жазу шеберлігі- нің болғаны». Онлайн жаңалық жазуға да осы талап жүреді. Макэлпайнның екінші іздегені – үміткердің ауызекі стильдегі қарапайым сөй- лемдерді жаза білу қабілеті. Ол үміткерді жаңалықтар мәнін сынай біледі деп күтті және баспасөзде жарияланған мақалаларды радиоға ыңғайлап қайта жаз- дырып, тексерді. Радио үшін іліп алар дүниені тауып, оны «ұғынықты, ауызекі стильде» ұсынуын бағалады. Ақырында, үміткердің ұшқырлығын тексерді. Күйіп тұрған радио жаңалықтары үнемі шапшаң жазылуға тиіс. «Бұл өзін жақсы қырынан танытатын жас журналист үшін табиғи нәрсе», – дейді. Макэлпайнның білімге қатысты пікірі мүлде бөлек. Әлемдегі оқиғалардан хабардар болу үшін, үнемі газет-журналдарды ыждаһатпен оқу және жаңалық- тарды көруді (онлайн жаңалықтар) гуманитарлық біліммен үйлестіре алса – со- дан артық дайындық жоқ екендігін алға тартады. Үміткердің сюжет жазарлық тәжірибесі болмаса, тіл табыса білу қасиетінің арқасында екінің біріне ілігеді. Медиаға мәтін жазу курстары үміткерлерге маңызды формалар мен тәсілдерді ғана үйрететіндігін жеткізді. Ирфинг Фанг «Телевизия жаңалықтары» ( Television News ) атты кітабында жур- налистика саласы бойынша білім беру жөніндегі Америка кеңесіне сәйкес мінез- құлық тәсілдерін тізбектеді: 1. Жаңалық мәтінін жаза білу қабілеті. 2. Ақпаратты тезге салуда әрі іріктеудегі жақсы талғам. 3. Өзгелердің көшірмесін өңдей білу қабілеті. 4. Медиаға қатысты заңнамаларды жетік білу. 5. Радиостанция немесе түсірілім алаңының жалпы жұмысымен таныс болу. 6. Нақты бір медиумның механикалық мәселелеріне түсіністік таныту. 7. Бұқара халық алдындағы медианың жауапкершілігін құрметтеу, әсіресе жаңалықтарды елеп-екшей білуі. 8. Қыспақта жұмыс істей білуі. 9. Жылдам шешім қабылдай білу қабілеті. 10. Продакшн жылдамдығы. 11. Жаңалықты ұсынудың түрлі тәсілдерімен таныс болу (соның ішінде бірін- ші болып үлгеріп репортаж жасау, түсірілім, сұхбат, алысқа бармай-ақ ақпарат жинау). 12. Жаңалықтар шығарылымы өндірісімен таныс болу. 13. Жаңалықтарды жинақтай білу қабілеті. 14. Жаңалық мәтінін нақышына келтіріп, желдірме дикциясымен оқи білу қабілеті. 15. Ұлттық және басқа сюжеттерден жергілікті аймаққа қатысты сипат таба білу қабілеті. 16. Күнделікті қайталанатын тапсырмалардан ерекше сипат байқау жыл- дамдығы.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==