Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

495 Кәсіби мүмкіндіктер ЖАҢАЛЫҚТАР Шоғырландыру мен экономикалық күй-жай жергілікті радиостанцияларда- ғы жаңалықтар бағдарламасын жауып тастады. Сәйкесінше, мұндағы жазу тә- сілі де бөгелді. Жаңалықтар шығарумен айналысатын тілшілер мен авторларға жергілікті телевизия станциялары мен кабельдік жүйелерде жұмыс орындары әлі де бар. Интернеттегі баламалы жаңалық сайттары жаңа мүмкіндіктердің кө- зін ашты. Карьераға керекті дайындық радиостанция, телеарна және сайттарға сәйкес түрленіп отырады. Кей жағдайда таза журналистік анықтама құпталады; кейде телевизия, онлайн немесе радио тәсілдеріне мамандануды қажет етеді; ал кей кездері сынау және жаңалықтардың мағынасын білдіретін субъективті көз- қарас бағаланады, екінші түсінік қалыптасады. Hubbard Broadcasting президенті және бас менеджері Стэнли С. Хаббард Television/Radio Age басылымында өзінің не күтіп жүргендігі туралы баяндайды: «Жаңалықтың адамы дегеніміз кім? Жаңалық адамы журналистика факультетін тамамдаған дәрежесіне бола білікті санала ма? Әлде бір жерде жаңалық тілшісі болып жұмыс істегендіктен білікті деп есептеліне ме? Мен олай ойламаймын. Менің пайымдауымша, жаңалық адамы, расымен де, епті маман екендігін көрсету үшін жаңалықтар жаза білу мен «ақпарат мәнін» аша білу қабілетімен «дос» екендігін дәлелдеуі қажет. Телевизиялық жаңалықтардыэфиргеберудегі уақытшектеуі –жаңалықшығарушымаманға өз ісінде табысты болуы үшін нағыз жаңалықтың мәнін білуді талап етеді. Жеке тәжірибеме сүйенер болсам, бұл айтып отырған жаңалықтар мәнін журналистика мектебінен үйрену мүмкін емес... Журналистика мектебі сізді жаңалықтар кеңсесінде жұмыс істей білу және ол жердегі механизмге қалайша табысты түрде сәйкес келу керектігін адекватты қалыпта үйретеді, алайда ол адам механизмге табысты түрде сәйкес келді екен деп, ол адамда өзінің бұқаралық жауапкершіліктерін орындаудағы лицензиаттан талап етілетін жаңалықтар мәнін аша білу немесе сынау қабілетінің болуы міндетті деп ойлау ағаттық». Әрине, ресми не бейресми болсын, анықтамалық ақпарат керек-ақ. Барбара Аллен жергілікті және аймақтық оқиғаларға бөлінетін назарды ескеріп, жергі- лікті станцияның тілші-қаламгеріне мынадай ұсыныстарын білдірді: (1) сіз қалалық әкімшіліктің әр басқармасымен, билікте жүрген шенеуніктермен, өлкеңіздегі экономиканың тасын өрге домалатып тұрған өндірістермен және кәсіпкерлермен, мектептермен, колледждермен және жергілікті тұлғалармен етене таныс болуыңыз керек; (2) журналист ретінде адамзат, үкімет, өнер, саясат, білім-ғылым, әлеуметтік және экономикалық мәселер жайынан жан-жақты хабардар болсаңыз бағаңыз артады; (3) сонымен қатар сізге тиесілі функция мен жауапкершілік – осы оқиғалардың туындауына әсер еткен күштердің фонында қандай жайттар жабулы қазан күйінде қалатынын байқау. Бостон радиосындағы Жаңалықтар бюросының бас редакторы болған Тереза Макэлпайн жас жаңалық жазушыларымен сұхбаттасқанда қандай да бір экспе- риментке негізделген тәжірибесін сұрайтын. Ең әуелі, үміткердің теле-радио жа- ңалығын жазудағы тәжірибесі бар-жоғын анықтады. Оның айтуынша: «Бұл тә- жірибе құр газетке жаза салғаннан гөрі, басқа қабілеттерді талап етеді. Жаңадан кіріскен сценаристеріміз жаңалықтарды көптеген дереккөзден алды, соның ішін- де телефонмен сұхбат жүргізу арқылы сюжеттер әзірледі. Машықтанған жазу тәжірибесінің болуы маңызды. Бұл тәжірибені оқу орнындағы студияда, қандай

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==