Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
11-ТАРАУ 494 Doyle Dane Bernbach агенттігінің бірқатар копирайтерлері DDB News арнасын- да өзге копирайтерлерді қалайша сынап-мінейтіндерін айтып, әрі осы салаға бет бұрғысы келіп жүргендерге біраз ақыл-кеңестерін айтты. Сью Брок біреудің портфолиосына қатысты: «Ең әуелі, портфолиодан көңіліме жағатын іліп алар дүние іздеймін. Ал түк таппаған күннің өзінде орайын таппай жүрген жақсы идеяның дәнін табуға тырысамын. Кейін бұл портфолиода тың әрі тартымды дү- ниенің бар екендігіне көз жеткізген соң автордышақыртасыз, осы сәтте оның тұл- ғалық кейпімен таныса аласыз. Егер де оның іші өшпенділік пен ашуға толы бол- са бірден көңіліңіз қалады, себебі бұл топтық жұмыс және мұнда шекесі қызып жүрген ешкім жоқ, бәрінің де арқалаған өз қиындықтары бар», – дейді. Жуди Протас: «Бұл істе сыни пікір білдіру қалыпты нәрсе саналады, сынды қабылдауға бейім келмейтін автор құлдырауға ұшырауы мүмкін», – деп ескертеді. Броктың пікірінше, «өзіңізді көтермелейтін жақсы пайым түйіңіз, әйтпесе жанталасу бе- кершілік. Сізде өте мығым эго болуы қажет, себебі мұндағының барлығы тра- фикті, хабаршыларды, барлығын да сынап-мінеуге дайын тұрады. Ал егер сізді сынның астына алып жатқан бастығыңыз болып шықса, өзіңіздегі мәтінді өзгер- туге тура келеді». Протас: «Талқылауды қай уақытта тоқтату керектігін білуіңіз қажет. Олар сізді өз пікіріңіз үшін жан берісе таласқа түседі деп күтеді, бірақ сіз- ден тек эгоңыздың әсерінен бірдеңені қорғаштауға тырысып, салғыласып тұрып алуды күтпейді», – деп қорытындылады. Бостондағы WRKO және WROR станцияларының президенті және бас менед- жері Эрик Шульц копирайтерлердің бойынан маңызды үш ерекшелік іздейді: (1) креативтілік – өнімді немесе қызметті сату үшін тың және тартымды тәсілдер ойластыра білу қабілеті; (2) мұқият тыңдау шеберлігі – клиенттің айтқанын, не сатқысы келетінін және оны қалай сатқысы келетінін тыңдай білу қабілеті; (3) мөлдіретіп жазу қабілеті. Шульцтың айтуынша, шағын станциялардағы сауда-саттық және коммерция- лық хабарларын жазу кеңселерінде қызмет ететін жарнама авторлары кейде те- ле-радионың жазу машығы шеңберінен шығуы қажет. Олар өсуге тиіс, тек сол медиумға арнап промо-роликтер дайындап қана қоймай, газет мақаласынан бастап билборд пен бамперге дейінгі барлық медиаға жаза алсын. WBSM Оңтүстік Массачусетс Хабар тарату компаниясының бұрынғы прези- денті және бас менеджері Жорж Грей жарнама мәтінін жазуға қатысы бар жұ- мыс іздеп жүрген адамға мынадай ақыл айтады: «Қарапайым тілде, баяндаушы сөйлеммен жазуды үйреніңіз». Оның пікірінше, артық-кем тәжірибесі бар үміт- керлерде «жай, анық, қысқа сөйлемдерді, зат есімдер мен етістіктерді көптеп қолданып, бірақ сын есімдер мен үстеулерді сығымдап жаза білу» қабілеті болуы қажет. Сонымен қатар автор өз ойын қарапайым терминдермен білдіруді үйре- ну керектігін айтады. Лепірмеге толы кейіптен тыңдаушының құлағы тез шар- шап қалады. Өз жазушыларыма айтар ақылым: «Айт, айтқаныңды жеткіз, сосын қайталап айт». Грейдің сөзінше, менеджерлер шынайы өмірде жұмыс тәжірибе- сі бар, клиенттің бизнес мақсаты мен өздері құрастыратын жарнама роликтердің мақсаттарын түсіне білетін адамдарды жалдауға тырысса да, ең бірінші орынға «бәлкім жоғары білім алу үшін үйренген ойлау тәсілдері, әдеті, уақыт пен күш- қуатын жұмсауды ұйымдастыра білу, өзіндік тәртіп – қойылады, мұның барлы- ғы дерлік кәсіби теле-радио авторы атану үшін қажет».
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==