Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
11-ТАРАУ 492 Холиудтағы сценаристердің жай-күйі турасында анонимді түрде пікір білдірді: «Олар идеяңыздың тас-талқанын шығарады. Олар идеяңыздың жаназасын шы- ғарады. Олар өнеріңізді азғындатып, тура жолдан тайдырады. Олар намысыңыз- ды аяқасты етеді. Ал сол идеяның қайтарымына не аласыз? Қыруар ақша!» Теледрамаларға қарағанда, театрдағы қойылымдық пьеса үшін көбірек ақы төленеді. Жазушылар гильдиясының негізгі келісімі экрандық және эфирлік ха- бар жазудың барлық формалары мен ұзақтығына қатысты төлемақы мөлшерін бекітеді. Комедия және варьете шоулар секілді драмалық емес бағдарламалар, аудитория қатысатын бағдарламалар, деректі фильмдер, балаларға арналған бағдарламалар және тағы басқа бағдарламаларға да төлемақы белгіленеді. Театр және телевизия сценарийлерге қатысты «минимумдер кестесін» қамтыған негізгі келісімменШығыс және Батыс Жазушылар гильдиясының сайттарында танысуға болады (www.wgae.org және www.wga.org) . Радиоға арналған минимум кестесі бөлек келісімшарт ретінде жасалған, мұны гильдиядан алуға болады. Автордың негізгі діттегені – Жазушылар гильдиясының қатарына қосылу. Гиль- дия тек минималды ақымен қорғап қана қоймай зейнеткерлік жоспар, денсаулық сақтау қоры және тағы да басқа кәсіподақтық жеңілдіктерді ұсынады. Онымен қоса гильдия заң мәселелері, агентпен байланыс және ауыстырмалы авторлық құ - қық жүйесі бойынша консультациялар да ұсынып отырады. Гильдияда келісім бо- йынша жұмыс істейтін автор компанияға алғашқы қойылымдық пьесасын немесе теледрамасын сатқаннан кейін гильдия қатарына қабылдануы қажет. Арт Мандельбаум және Writer’s Digest атап өткендей, агенттің маңызы орасан зор. Агентпен жұмыс істеу үшін агентті сатуға жарамды сценарий жазу қабіле- тіне ие екендігіңізді дәлелдейтін жұмыстарыңыздың үзіндісін көрсетесіз. Сон- дай-ақ тек өзіңіз үшін ғана емес, агенттік үшін де ақша табатын қауқарыңызды дәлелдеу керек. Колледждегі жазу сыныбы мен продакшн студиясындағы мүм- кіндіктерді шама-шарқыңыз жеткенше сапалы сценарий жазу үшін қолданыңыз және өтімді портфолио әзірлеңіз. Агент табудың ең оңтайлы жолы – біреу ұсынатын жеке байланыс мәліметі арқылы табу, әдетте бұл арада өз досының агентімен таныстыратын адам себеп- кер болып жатады. Ал егер сізде мұндай байланыс болмаса, агентке бұрынғы жұмыстарыңыз туралы сілтемеңізді (егер сілтемесі болса, әлде өзіңіз жуырда аяқтаған немесе қазір жұмыс істеп жатқан жобаңыздың қысқаша анықтамасы жарайды) ұсынып, байланыс орнатуыңызға болады. Guide to Literary Agents – агенттердің аты-жөні және мекенжайлары, сонымен қатар түрлі категорияларға жіктелген агенттер тізімі қамтылған үздік жинақ. Жыл сайын шығатын Writer’s Market -те де агенттердің аты-жөні мен мекенжай- ларының тізімі бар. Америка Жазушылар гильдиясы жаңа авторлармен жұмыс істеуге құлшынып отырған агенттер тізімін жасақтайды. Дегенмен сценарийі- ңізді агенттікке өткізбес бұрын, оларға, алдымен қысқаша мазмұндамасын жібе- ресіз. Сол материалдан толық сценарий немесе тритмент құру әлеуетін байқай алса, агенттік сізге релиз формасын жібереді. ЖАРНАМА ЖӘНЕ КОПИРАЙТИНГ Медиа әлемінде сценаристердің басым көпшілігі жұмыс істейтін негізгі үш жетекші сала бар: жарнама, жаңалықтар және драма. Интернеттің қуатын кеңей- тіңіз. Копирайтер карьерасын талдап жазған Writer’s Digest мектебінің директо- ры Кирк Полкинг «Телевизия копирайтері» атты мақаласында былай деп жазды:
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==