Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
491 Кәсіби мүмкіндіктер жүрмеңіз. 50-ге жуық идеяңыздың қысқа нобайын бір абзацқа сыйғызы- ңыз. Тіпті бастапқы нұсқалары сызылған күннің өзінде агентіңіздің про- дюсерге көрсетуіне жарайды. 6. Агентіңіз шоу идеясын сатса, бірден тритмент үшін сізбен келісімшарт жа- сайды, осылайша Жазушылар гильдиясының «есігін теуіп» кіре аласыз. 7. Классиканы негізге алып жұмыс істеуге берік болыңыз. Негізгі тақырып- тар мен сюжеттер сан мәрте өзгертілуі мүмкін және телевизия шоуларын мұқият зерттеген болсаңыз, олардың үнемі өзгеріске ұшырап тұратынды- ғынан хабардар шығарсыз. 8. Туындыңызды достарыңыздың бәріне оқыта бермеңіз. Олардың қарша боратқан сыни пікірлері аяқталған уақытта басыңыздың айналып тұрға- нын байқайсыз немесе сценарийіңізді қайта-қайта қарай бергеннен, әу баста өзіңіз көздемеген қалыпқа түсіріп алуыңыз мүмкін. 9. Егер агент белгілі бір шоуға қатысты идеяларыңызға қайшы келетін нұс- қаулықтар айтса – оның кеңесіне құлақ түріңіз. Бұл салаға, енді, білек сы- бана кіріскен адам ретінде толығымен агентке тәуелдісіз. 10. Телевизиялық сценарий жазу – бұл үздіксіз компромисс. Бірінші алға тартатыныңыз – түзету, екіншісі – контент. Мандельбаумның жұмыс тәсілі бірнеше әдістен құралған: кейбір авторлар мен продюсерлер драма сценарисінің суреткерлік шеберлігі мен әлеуметтік ық- палына оң көзқарас танытады, ал кейбірі бұған қарсылық білдіріп, шүбә келтіре- ді. Алайда барлығы пьеса жазу үшін дарынның, сонымен қатар бағдарламалар сериясының талап-тілектеріне сай және Холиудтағы көркем және телевизияға арналған кинолардың кез келген трендіне қарамастан, драма жазудың қажетті- гіне бірауыздан келіседі (оның ішінде тұрақты кейіпкерлерді қоспайтын драма- лық арнайы бағдарламалар да бар). «Writer’s Digest» редакторлары «Сценаристерге арналған жұмыс және мүмкін- діктер» атты кітапшада теледрама нарығына талдау жасайды: Әр күн сайын телевизия кемі 18 сағаттық тың әрі тартымды материалмен толығып отыруы қажет. Бұл қажеттілік телевизияны фрилансерлер үшін ең үздік нарықтардың бірі ретінде қарастыруға жағдай жасайды. Бұл өте көп ақы төленетін жұмыстардың бірі, сонымен қатар продюсерлер үнемі тың идеялар мен жаңа сценарийлер іздеп жүреді. Көптеген жаңа шоудың идеялары фрилансерлерден шығады, сосын сценарийлердің басым көпшілігі басқа фрилансерлер тарапынан жазылады. Жақсы диалог жазуға қабілетті сценаристер телевизияның жемісті нарық екендігін білетін болады... Телевизия продюсерлері әдетте сценарийді тек агент арқылы қабылдағанды жөн санайды, сценаристер өз туындыларын оларға тікелей өткізе алмайды. Алайда авторлар жаңа телевизиялық шоулар туралы ақпармен қатар, телевизиялық сценарий жазу жөнінде тәжірибелік мақалалар жариялап тұратын Writer’s Digest арқылы нарықтағы ағымдағды жағдайды бақылайды. Жыл сайын шығып тұратын Writer’s Digest- те агенттердің аты-жөні мен мекенжайлары қамтылған тізім бар. Телевизия және киносценарист Альфред Бреннер Writer’s Digest -те коммуни- кация саласындағы техникалық революция ауқымды нарықтар әлемін құрғанды- ғын айтады. Ол қаламгердің «сол нарыққа еңкеймей кірер жалғыз жолы – кәсіби сценарий жазу» екендігін алға тартады. Айта кетерлік жайт, бірнеше драматург
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==