Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
11-ТАРАУ 490 ■ ■ Продюсер көмекшісі: үздік жаңалықтарды іріктеу үшін. Негізгі экономикалық жаңалықтарды дайындау әрі жаза білу қабілеті болса игі. ■ ■ Промоушн сценарисі/продюсер: ...өз ісіне берілген, дарынды, сондай-ақ эфирлік промоушн дайындаушы промоушн сценарист/продюсер керек... ■ ■ Радио дикторы: ...эфирде жұмыс істеген тәжірибесі, төселген жазу машығы талап етіледі, бірақ дипломының бар-жоғы маңызды емес. Жаңалық продюсерін іздеген жарнамалардың барлығы дерлік «шебер жаза- тын қабілетті болуы шарт», «төселген жазу қабілетінің болуы шарт» және «таң- ғалдыратын жазу қабілетінің болуы шарт» секілді талаптар қойған. Драма жазу, негізінен, фрилансер атқаратын кәсіп, дегенмен табысты фри- лансерлер өздерін табысты жеке бағдарламалар мен продакшн компаниялар- дың бір бөліктері ретінде санайды. Олар мұнда Америка Жазушылар гильдиясы бекіткен минимум бағадан гөрі, тұрақты жалақы алады. Авторға жылына бірсы- пыра қойылымдық пьеса, әлде жарты сағаттық не бір сағаттық драма сатудан-ақ байлыққа кенелтетін пьеса жазуға бөлінетін стипендия жоғары болғандықтан, мұндағы бәсекелестіктің бәсі қызып тұр. ПЬЕСА ЖАЗУ «Медиадағы жазу саласына қатысы бар өзге салаларға қарағанда, телевизияға бас сұғу әлдеқайда қиынырақ», – дейді бұрынғы телевизия сценарисі және RKO Radio вице-президенті Арт Мандельбаум. «Бұл ойын жоспарын құрастыруды талап етеді, кемі оқиға немесе телесюжет құрылымын құрастыру қалай күрде- лі болса, бұл да сондай күрделі болуға тиіс», – дейді. Мандельбаум ситкомдар немесе жалғаспалы телесериалдарға сценарий жазуды қалайтындарға бірқатар нұсқаулықтарды ұсынды: 1. Жазғыңыз келетін белгілі бір серияларды өте мұқият зерттеңіз, сосын оның басты-басты кейіпкеріне талдау жасаңыз. 2. Келесі жылы эфирде болу-болмауын анықтау үшін, бір уақытта шыға- тын сериалдың рейтингін тексеріп шығыңыз. Барлық сериалға жауапты продюсер маусым басталғанға дейін авторды тағайындап қояды, тіпті сце- нарийіңіз оқылып, сатып алынса да, шамамен бір не бір жарым жылдай эфирге шықпайды. Сондықтан еш нәрсені уақытылы жазбауға тырысы- ңыз, себебі бағдарлама эфирге шыққанша сценарийіңіз ескіріп қалуы бек мүмкін. 3. Әр шоудың демографикасын анықтап алыңыз; желілермен байланысқа шығыңыз және кімнің не қарайтынын әрі қаралымы көп аудиторияның қайда екендігін біліп алыңыз. 4. Холиудтен агент табуға тырысыңыз. Бірден продюсерге материал жолдау уақытты текке кетіреді. Агент әр шоу сайын сценаристерге ұсынылатын анықтамалық парақшалар беруі мүмкін. Бұл парақшаларда форматтар, талаптар және табу туралы деректер қамтылады. Жазушылар гильдиясы өз мүшелеріне шоу туралы мәліметтерді жіберіп отырады. 5. Белгілі бір шоуды зерттеп біткен соң, агентпен сол шоуға қатысты толас- сыз идеяларыңызбен бөлісіңіз. Тек бір идеяның жетегінде қалып қойып
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==