Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
489 Кәсіби мүмкіндіктер болатын негізгі тақырыптарға – спорт түрлері мен жаңалықтарды айтуға болады, әдетте олар осы салалардың бірінде штатта жұмыс істейтін автормен жазылады. Дегенмен станциялар штаттағы және штаттан тыс авторлардан үнемі жаңа идея тыңдауға тырысып-бағады. Білікті теле-радио авторында жазуға қажеттінің барлығы бар, сонымен қатар қайта жазып жатуға уақыт үнемі бола бермейтіндіктен, сізге шапшаңдық пен ұқыптылықты басты назарға алу қажет. Либерал өнер немесе журналистика саласы бойынша жоғары білім алған дұрыс-ақ, бірақ шешендік дарыны бар жақсы сценаристің де жеткілікті деңгейдегі білікті маман болуы әбден мүмкін. Дарынды әрі өзгеше идеясы бар сценаристің жұмыссыз қалмасы анық. Теле-радио компанияларына жұмыспен қамту агенттіктері арқылы шыққан орынды. Егер агенттіктің көмегіне жүгінгіңіз келмесе, жазу үлгілеріңіздің ішіндегі үздігін таңдап алып, оны түйіндемеңізбен бірге станция менеджеріне немесе кадр бөліміне жіберіңіз де, сұхбатқа келісуге тырысыңыз. Еңбек жолыңызды әуелі шағын станциядан бастаған жөн, мұнда еңбек кітапшаңызға мәңгіге түртіп қоятын баға жетпес тәжірибеден өтесіз, сосын үлкенірек ұйымдарға қызметке орналасуға тырысасыз. Алдыңғы ақпаратты интернет желісіне де жариялаңыз. Штаттағы жұмыс орындары түрлі категорияға бөлінеді: жаңалықтар, жарна- ма роликтері, сценарий – барлығы да форматтық жанр, сонымен қатар жазу қа- білеттерін талап ететін промоушн және зерттеу секілді әкімшілік салалар. Әдет- те сценаристер желісін жалдауға шамасы жетпейтін станция жазуға қабілетті продюсер, режиссер немесе тағы басқа дарын иесін іздейді. Кәсіби журналдарда- ғы «қолғабыс керек» айдарынан төмендегідей жарнамаларды байқауға болады: ■■ «Prep Writers» таңертеңгілік шоуы: таңертеңгілік табысты шоуға арнап комедия жазғыңыз келе ме? ABC Radio Networks компаниясы «Prep Service» таңертеңгілік шоуын кеңейту үшін штаттан тыс авторларды іздестіруде. ■ ■ Тизер жазушы ( Tease Writer ): Вашингтон штатының Сиэтл қаласындағы King 5 Television арнасы Tease Writer бағдарламасының әркез жеңімпазы атанып, әрі жүлделі сыйлықтар алып жүрген тобына қосылғысы келетіндерге шұғыл вакансия жариялайды. Бұл қызметті атқаратын адам кешкі сағат 17:00 мен 19:00 аралығында жаңалықтар блогына, сағат сайынғы жаңартулар мен бағдарлама түсіру кезінде, жаңалықтар кезінде барлық тизерлер мен бамперлерді дайындауға жауап береді. ■ ■ Продюсер: жоғары рейтингті жаңалықтар редакциясына сапалы шоу жасауға қабілетті, жұмыс десе ішкен асын жерге қоятын продюсер қажет. Білікті автор, мәтін жазушы редактор... ■ ■ Автор/продюсер: Чикагодағы қарқынды дамушы TV independent арнасы промоушн сценарисі/продюсер іздейді... ■ ■ Промоушн сценарисі/продюсер: ...эфирден шығатын жаңалықтарды жасау және іске асыру, бірақ тек жаңалықтарды таратумен, минисериалдармен, дарынын көрсетуменшектелмейді... ол баспасөз жарнамасына мәтінжазумен айналысады... ■ ■ Телевизия продюсері/режиссер: ... зерттеу, жазу, монтаждау және бағдарламалар- ды үйлестіру. ■ ■ Продюсер: ...білікті сценарист, мәтін жазушы редактор...
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==