Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
431 Қойылым толығымен ашылмайды. Кейіпкермен тығыз жұмыс істеп, оның түсінік-пайы- мын, психологиялық қажеттілігін, физикалық мүмкіндігін және адамға қатына- сынжан-жақты қырынан беріп, тақырып пен локацияны анықтайды. АртурМил- лердің сатушы Вилли Ломанның өмірін сипаттаған керемет драмасының бірі – «Сатушының өлімі» ( Death of a Salesman ) атты туындысымен танысыңыз. Чарльз Макграт New York Times журналына жариялаған мақаласында «Заң және тәртіп» (Law & Order) атты қылмыс пен жаза туралы телевизиялық драма- дағы сценаристер тобының жұмысын сипаттайды. Ол бағдарламаның сценарийі түрлі әдіспен жазылады, соның бірі Нью-Йорк штатына өлім жазасын енгізу ту- ралы, қылмыс пен құқықтық мәселені қозғаған газет тақырыптарына шолу жа- сау арқылы «Заң және тәртіп» эпизодтары жазылғандығын айтады. Кейде идея табу оңайға соқпайды. Макграт өз мақаласында бағдарлама продюсері және бас сценарисі Майкл Чернучиннің идея іздестіру жолында кейде «не істеп жатқаны- мызды білмей қаламыз, тек отырамыз да заттарды лақтырамыз» дегенін айтады. Қойылымның дереккөзіне жататын ситуация, тақырып, тәжірибе және кейіп- кердің әрқайсысы өз алдына тек идея туындатушы рөлін атқарады. Драмалық құндылығын анықтау үшін бұл элементтерді зерттеңіз, кеңейтіңіз және қайта қарап шығыңыз. Сіз іздеген құндылықтар бар болған жағдайда драматург келесі қадамға көше алады. Кейде тәжірибесі аз, мойнына жалқаулық қамытын ілген қаламгерлер бір идея болса, сол идеяны өрбіте аларлық түсінік болса болғаны, әрі қарай отыра салып қойылымды жазып шығу оп-оңай деп ойлайды. Өкініш- ке қарай, бұл олар ойлағандай жеңіл-желпі дүние емес. Мәтінді драматургтің мәзіріндегі десерт ретінде қарастыруға болады. Мехнатты жұмыс, ең алдымен, қойылымды жоспарлап, сосын қолжазбаны пысықтап шығудан тұрады. Қойы- лымның дереккөзі немесе іргетасы анықталған соң, олардан өрбітуге болатын түрлі элементтерді ойыңызда сақтаңыз немесе қағазға түртіп алыңыз. Мысалы, біреудің өткен өмір жолын көрсетуді таңдасаңыз жұмылдыратын кейіпкерлерді, ситуацияны және тақырып аясын анықтап алыңыз. Дұрысы – қойылымды шындыққа жанасымды негізбен көмкеру үшін жеке тәжірибеңізден не болмаса біліміңізден дәйектер келтіргеніңіз абзал. Сіз қойы- лымның шынайылығын арттыратын эмоцияға немесе уақыт тізбегіне тымжақын болсаңыз материалды пысықтап, қорытып және драмалық қалыпқа айналдыру әлдеқайда қиынға соғады; мұндайда сіз драматургтен гөрі, репортердің қызме- тін атқарып кетуіңіз әбден мүмкін. Драматург объективті етіп жаза білгені жөн. Жазған туындыңыздың әр сәтін сезінуге және түйсінуге тырысыңыз, бірақ оны өз атыңыздан емес, үшінші жақтан сипаттаңыз. Қойылымды жеке терапия ретінде қолданудан аулақ болыңыз. Егер де дәл солай қолдануға құлшынып тұрсаңыз да (кейбір драматургтер мұны шебер қолдана білген) өзіңіз сипаттайтын кейіпкер- дің бір кем дүниесі жоқ, адам айтса нанғысыз етіп әсірелеу керек емес. Әдетте қо- йылым жазуды бастағанда өмірде болған оқиғалар мен шынайы кейіпкерлерді күнтізбе жылы мен жарық жылынан бөліп тастаудан керемет дүние жоқ. ҚҰРЫЛЫМ Сюжет пен әрекет XVIII ғасырға дейін (бірнеше драматургтің туындылары, мұнда Шекспирдің қатысы жоқ), пьесадағы десі басым элемент ретінде қарасты- рылып келді. Сюжеттік желі ең маңызды фактор болды, кейіпкерлер мен диалог әрекеттегі қозғалысқа енді. Қазіргі драма маңызды элемент ретінде кейіпкерге баса мән берді. Сюжетті анықтайтын әрекет – кейіпкер өзіне міндетті түрде нақ-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==