Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

10-ТАРАУ 430 Драматург жақсы жазылған драманың өзегін ұстап тұрған оқиғаның талайын өзі кешіп, талайына куә болған. Сол шара немесе оқиғадан кейіпкерді, ситуа- цияны, тақырыпты және ғұмыр жолды құрастырып шығады. Дегенмен көрінген әсерлі оқиға жақсы драмаға арқау бола алмайтындығын есте сақтаңыз. Драма – бұл шиеленіскен өмір. Драма ситуацияның ең маңызды элементтерін қысқарта- ды және адам мүддесін баяндағаннан гөрі, өмірдің мән-мағынасын ашып көрсе- ту үшін қайта түзеп, елеп-екшеп әрі етек-жеңін жинақтауды талап етеді. Мұны түсіну жас драматургке қиынға соғуы мүмкін, әсіресе ол қызықты бір оқиғаның куәгері не өз басынан кешсе. Қаламгер өзі куә болған ең қайғылы, ең күлкілі, ең әсерлі деп есептейтін оқиғадан – адамның ығырын шығаратын, қызықтан жұр- дай қойылым туындауы мүмкін. Тіршіліктегі кейбір оқиға драмаға арқау секілді көрінгенімен, сценарийге тү- сіргенде драма қалпына келетіндігін білдірмейді. Мұндай транспозиция қиял- ды, қабілетті және драматургиясы ерекше тума талантты қажет етеді. Мысалы, өмірден баз кешкен салт басты апай сіңлісі мен күйеубаласының қолында тұрып жатады, ақырында, сол апайдың кесірі ұйыған отбасының шырқын бұзуға дейін баратынын бес саусақтай білеміз. Мұндай жағдай қатысушыға тіпті жақыннан бақылаушыға арандататын әрі сес көрсететін рефлекс қалдыруы мүмкін. Ал дәл мұндай ситуацияның бірін де көрмеген жанға оқиғаңыз түк түсініксіз және дым қызықсыз болып көрінуі мүмкін. Біртуар драматург Теннесси Уильямс өзі кеш- кен оқиғаны Америкадағы ең керемет қойылымның біріне айналған «Тілек трам- вайы» ( A Streetcar Named Desire ) туындысына арқау етті. Қаламгер қойылым жазу туралы бастапқы ойын тақырыптан немесе идеядан өрбітеді. Медиа саласындағы драматургтің қолын цензура байлайды, сонда да қойылымның жүрісінен жаңылмауына қуат беретін адалдық, еркіндік және мұ- ратқа жету секілді қасиеттерді сөз ету керек. Тақырыптың тілі нақты және кез келген адам түсінетіндей аударылып, нақты оқиғаларға негізделуі керек. Мәсе- лен, адалдықты ту еткен тақырып: өз анасын тастап кетуден қорқып үйленбей жүрген жанның тағдырына негізделуі мүмкін. Еркіндікті ту еткен тақырыптың астарында өзін күң еткен әрі қадіріне жете алмаған күйеуін тастап кеткен әйелдің оқиғасынан түрлі вариация беріледі. Мұратқа жету тақырыбы жарнама агентті- гіндегі табысты жұмыс істегеннен гөрі, қара нан мен бұршақ жесе де суық үйде тіршілік кеше беретін суретшіге арналған драматургияны қамтиды. Автор қойы- лымды бір тақырып төңірегінде өрбітуге талпынғанда абай болуға тиіс. Тақырып тек қойылым идеясын туындатушы ретінде қолданылады. Қойылым дереккөзін әлдекімнің басынан кешкен жайттан тауып алуға бола- ды. Соғыс, элиталық қоғам, нашақорлық дерті дендеген орта және есірткі бизнесі тақырыбының тарихы түрлі қойылымның декорациясын құруға арқау болды әрі дем берді. Колледж студенті қойылымның фоны ретінде университет ғимаратын қолданумен айтарлықтай ештеңе ұтпайды. Қойылымның соңғы дереккөзін бір не бірнеше кейіпкерден, топтан не жеке тұлғадан алуға болады. Қазіргі драматургияда түсірілім кейіпкермен санасады, демек, сюжет кейіпкердің ыңғайына сай құралады. Сол себептен, басқа дереккөз- бен салыстырғанда, кейіпкердің өзін дереккөз ретінде таңдау – сапалы шығатын көрнекті қойылымға негіз болады. Алайда қаламгер сол дереккөзді басқалардан бөлек өз алдына қолданудан абай болсын. Драманы жалғыз бір кейіпкердің не- месе өмірде бар кейіпкерлер комбинациясында құрастыру қиынның қиыны. Мысалы, шау тартқан, бұрынғыдай сауда жасай алмайтын жасамыс сатушының жұмыстан босатылып жатқаны туралы идеяның тым қарабайыр екендігі анық. Тіпті бұл кейіпкерді мақтап, өзін-өзі алдаусыратса да, мұндағы драмалық әлеует

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==