Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

429 Қойылым Театр өнеріндегі білікті сыншы әрі оқытушы Брэндер Мэтьюз өзінің «Драма дамуы» ( The Development of Drama ) кітабында: «Драматургия принциптері – шы- найы театрмен шала таныс теориялық сыншылармен құрастырылған жай ереже емес; өнердің өзіндік табиғатына тән бұл заңдар мызғымайды, әрі бұл Софокл мен Шекспир және Мольердің тірі кезінде болғандай бұлжымас заңдар», – деп жазған. Қойылым жазу ісі кешенді ережелерден құралады. Бұл ережелер, негізінен, сахна, кино, телевизияға, кей елде радиоға арнап жазылған қойылымдық сцена- рийдің құрылымына қолданылады. Белгілі бір медианың арнайы талаптарына орай, ережелердің қолданылу аясы өзгеріп отырады. Дегенмен бұл ережелер «керемет драма жазуға көмектеседі» дегенді ойыңыз- ға да алмаңыз. Кемеңгерлік пен шабытты оқыту мүмкін емес, ал қойылым – үз- діксіз жазудағы кейбір фазалардың механикалық аспектілерінен де асып түсетін шығармашылық деңгейдегі өнер. Американың алғашқы әрі ең көрнекті драма- тургия оқытушысы Жорж Пирс Бейкер: «Дарынды драматург өзі ұстанатын ке- меңгерлігі мен ішкі түйсігінде драматургияның негізгі ережелерін түсініп, қалай қолдану керектігін көрсетуі жеткілікті», – дейді. Дегенмен мұның өзін бір немесе бірнеше тарауда үйрету мүмкін емес. Дра- матургия ережелері туралы кеңінен толғау: кемінде толық бір кітапты, бірнеше курсты және шексіз тәжірибені талап етеді. Драматургия ережелері мазмұндама мен медианың ерекше қажетіне арналған жаңа концепциялар ұсынса игі. Элект- ронды медиаға қатысты драма жазуға беліңізді бекем буып отырсаңыз, алдымен сахнаға арналған қойылым жазудың тәсілдерін мұқият зерттеңіз. Сонда ғана сіз- де видео немесе фильм қойылымына арналған мықты іргетас қаланады. Қойылымның сахналық көрініс екендігін естен шығармаңыз. Жұрт шағын эк- раннан (кинотеатрмен салыстырғанда), iPhone немесе iPad -тағышағын сегіз, он, он сегіз сантиметрлік экраны бар сопақ жәшіктен тамашалайтын қойылым әуе тол- қынынан (эфирде) берілсін, мейлі, кабельдік, спутниктік желі немесе киберкеңіс- тіктен шықсын, солардың бәріне ортақ дүние – драматургия. Жарты қабырғаны алатын жүз елу сантиметрлік немесе одан да үлкен тұп-тұнық цифрлы экрандар теледрама жазудағы кейіпкерлер саны және қойылымдық сахна секілді кейбір шектеулі концепцияларды өзгерте бастады. Бұдан басқа, эфир уақытының екі сағатын алатын фильмдерге қарағанда, телевизиялық драмалар мен ситкомдар- дың сценарийлері кіріспе және қорытынды бөлімін қосқанда 21 минутпен (жар- ты сағаттық бағдарламада) немесе бір сағаттық бағдарламада 42 минутпен шек- теледі. Ал қалған 9 және 18 минуты жарнаманың үлесіне тиеді. Бекітілген уақыт кейіпкерлер мен сюжет желісін шектейді. Апталап тіпті жылдап созылатын те- лесериалдағы сюжет желісінің жөні бөлек. Телевизияға жазылған қойылым мен театр сахнасына жазылған пьесаның арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Шолушылардың айтуынша, жуырда үйдің қабырғасын тұтастай компьютерлік бағдарламаны тамашалау үшін кәдеге жаратамыз, видеокөрсетілім театрдағы сахнаның ар жақ-бер жағындай болады, сонымен қатар телевизиядағы белді дра- матургтер телевизияның шығармашылық шектеулерін ұмытпағаны жөн. ДЕРЕККӨЗ Қаламгер жазудың маңызды тәсілдерін қолданбас бұрын, қойылымға негіз болатын дереккөздерді айқындап, қолдануы керек. Қаламгер қойылым мәйегін белгілі бір шарадан, оқиғадан, тақырыптан, жеке кейіпкерден тарқатады немесе баз біреудің ғұмыр жолын негіз етіп алады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==