Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
Қойылым ТАРАУ 10 С ахна төрінде үлкен жетістікке қол жеткізу қаншалықты қиын болса, қойы- лым жазу да сондай машақаты көп іс. Видео немесе фильм қойылымы – медиаға арнап қалай жазу керектігін үйретудің шарықтау шегі және өзге де форматтардың негізі. Мейлі 30 секундтық жарнама болсын не екі сағаттық деректі фильм болсын, сценарий құрылымы – қойылымның экспозициясы, кон- фликті, шиеленісі, шарықтау шегі және конфликтінің шешімі секілді элемент- терге тәуелді. Жарнаманы мысалға алайық. Жарнама минидрама форматында (демеушінің өнімі мен қызметін бір не бірнеше кейіпкер арқылы жарнамалау) ұсынылады. Белгілі бір мәселені көтеретін жарнама біткен (конфликт) әу баста өмірдің қиын- дығын әрі оны жақсарту мүмкін еместігін (шиеленіс) сипаттаса, іле-шала сол түйткілдің күрмеуі шешіліп, нәтижесінде демеушінің өнімі мен қызметін алу- мен тіршілікті жеңілдетуге болатынын көрсетеді (шарықтау шегі мен шешімі). Барлық деректі фильм адамнан, халықтан және өмірде болған оқиғадан шыға- тын драмалық әрекетке тәуелді. Тіпті тәп-тәуір дайындалған диск-жокейдің бағ- дарламасы да көптің аузын аштырып, көзін жұмдырады. Қойылым (пьеса, постановка) – телевизияның негізі. Кейінгі уақытта реали- ти форматы көбейіп кеткенмен ситком түрінде, шытырман хикая түрінде, әлде күрделі драма түрінде өз жолынан жаңылған емес. Тіпті еш дайындықcыз және сценарийсіз өтетін шоудың өзі қойылымның қалыбын негізге алады. Конфликт, шиеленіс, үдей түсетін шиеленісті әрекет және шарықтау шегі аудиторияның назарын аударту үшін жеткілікті деңгейде жоспарлануы керек және белгілі бір оқиға немесе сайыс аяқталуға жақын қалғанға дейін аудиторияның көңілін ау- ласын. Күндізгі телевизия қойылымға, әсіресе ситкомға тәуелді. Әдетте көбінесе рейтингті көтеретін басқа жанрды және қолайлы синдикатты қалайды. Телехи- каядағы қойылым күндіз әрі кешкі уақытта таратылатын телевизиялық бағдар- ламалар арасында үлкен танымалдыққа ие болды. Жақсы қойылым жазудың элементтерін үйреніп алсаңыз, тіпті бойыңыздан қойылым жазуға деген ынтызарлықты немесе дарынды ешқашан байқамаған- мен, сіздің басқа видео немесе аудио форматтарын тиімді жазуға бейімді келе- тініңіз хақ. 428
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==