Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

427 Корпоративтік, ағартушылық және балаларға арналған бағдарламалар ТАПСЫРМА 1. Қызметкерлеріне медиатренинг бағдарламасын беруге құлықты бизнес мекемесін немесе кәсіпорынды өз айналаңыздан таңдап алыңыз. Кәсіп- орынның тренинг, сауда және адам ресурстары жөніндегі директорымен өндіріс орнының бірқатар қажеттіліктерін талқылап алыңыз және сол қа- жеттіліктерді шешуге бағытталған бір жарым сағаттық видеоның сцена- рийін әзірлеңіз. 2. Өзіңіз оқитын колледж, университет немесе университетіңіздегі бұқара- лық ақпарат кеңсесінің басшысымен институттың бірқатар науқандық насихаттарын талқылаңыз және PowerPoint форматында 15 минуттық сце- нарий дайындаңыз. Бұл сценарийді келешекте қалың көпшілік немесе болашағынан зор үміт күттіретін студенттер және ата-аналары қолдануы мүмкін. Аталмыш сценарийді институттың ресми сайтына орналастыры- ңыз. 3. 10 минутқа жалғасатын аудио немесе видеоның сценарийін дайындаңыз. Бұл сценарий университетіңіздегі өзіңіз мүшесі саналатын ұйымға жаңа- дан қабылданып жатқан студенттерге арналсын. 4. Жергілікті телевизия, радиостанция не кабельдік арна арқылы таратуға болатын, балаларға қатысты жарты сағаттық бағдарламаның пилоттық жобасына арналған тритмент дайындаңыз. 5. www.pmcc.com/templates сайтынан алынған шаблонды негізге алып, ал- дыңғы жаттығулардың бірін интернетке салыңыз.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==