Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
9-ТАРАУ 426 заманның жаңа медиасы мен телевизиясына бағдарлама әзірлейтін кезде, өз жұмыстарымда өткен шақ пен қазіргі шақ арасындағы теңгерімді табуға тырысамын. Әңгіме мен ән ғасырлар бойы фильм, телевизия және YouTube желілеріне түрленіп кеткенімен, олардың алғышарттары бұрынғыша қалды, тек жеткізу механизмі өзгергені болмаса. Әңгімелер мен әндер балалармен байланыс орнатудағы таптырмас мүмкіндік екенін байқадым. Олар балаларды тек сүйсіндіртіп, көңілін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар білім беру құралы ретінде олардың оқыған-тоқығанын нығайтып, ой-өрістерін одан әрі кеңейте түсуде үлкен рөл ойнайды. Қазіргі тілмен айтқанда «хип» немесе «қазіргі заманғы» тәсілді ұстанатын әлдебіреудің моделіне ілескеннен гөрі, заманауи технологиялар мен үдерістерден хабардар болуға тырысамын. Оларды қажет жерде қолданамын, дегенмен ескі тәжірибемді де сақтап қалуға тырысамын. Шындап келгенде, біз өткеніміз бен қазіргі шағымыздан көп нәрсе үйрене аламыз. Мен қандай да бір жаңа ән немесе жаңа сценарий жазсам, ең алдымен, бір оқиғаны көз алдыма елестетемін. Алайда мұндағы оқиғаның желісін көңілді, түсінікті және есте сақталатындай етіп қалай жеткізсем болады? Метафора мен суреттер қиялды дамытуға түрткі болады және адам бойына сіңірген ақпаратты көпке дейін жадында сақтауға мүмкіндік жасайды. Интерактивті медиа баяндау мен ән жазу жұмысына қызықты тәсілдерді ұсына алады – автор оқиға желісінің басы мен ортасын өзі баяндап берсе, қатысушыға мұны аяқтауға мүмкіндік береді және керісінше қатысушы авторға дәл осылай көмектесе алады. Видеоойындар Компьютер педагогикадағы түрлі тәсілдердің пайда болуына түрткі болды. Интернетпен қатар компьютердің (және оператор пульті) көмегімен таратыла- тын видеоойындар балаларға білім берудегі шешуші аспектіге айналды. Деген- мен көптеген видеоойындар физикалық және психологиялық зұлымдық әре- кеттердің пайда болуына себепші болғанымен, соңғы жылдары олардың басым көпшілігі оң бағыттағы оқыту дағдыларын үйретумен айналысуда. Мысалы, Империя дәуірі мен Жер империясы тарихи оқиғаларды қайта жаңғыртты. Уиз Ворлд оқушыларды ойын кезінде жетістікке жету немесе тіпті аман қалуы үшін ағылшын тілін қолдануды қажет ететін виртуал ортаға қатыстыру арқылы сол тілді үйренуге баулыды. Мұндағы ойын ситуациясы ұшатын құбыжықтардан қашудан бастап супермаркеттен жеміс-жидек сатып алуға дейін өзгеріп отыра- ды. Венчурлік капиталистер іргелі білім модельдерінің өзгерісте екендігін және олардың интернетке түбегейлі ауысатындығын алға тартады, сол себепті олар онлайн ойнауға болатын видео ойындарға инвестицияларын аямай салуда. Бұл автор үшін кезекті – жаңа меже.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==