Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

425 Корпоративтік, ағартушылық және балаларға арналған бағдарламалар Роузи Эмеридің балаларға арнап жазған басқа үлгісі ретінде Флориданың Форт-Майерс қаласынан шығатын WGCU Public Media арнасы үшін әзірлеген «Қызыққұмар балалар» сериясының сценарийі төменде көрсетілген. Krik, Krak эпизоды бұл Гаити тұрғындарына арналған дұрыс тамақтану туралы сериялар топтамасы. Krik, Krak балаларды Гаити оқиғасымен таныстырудың қарапайым тәсілі. Krik, Krak Автор – Роузи Эмери. «Қызыққұмар балалар» WGCU Public Media , Форт-Майерс, Флорида Питер: Krik Жастин: Krak Лори: Баз біреу бірдеңе айтқысы келіп тұр-ау деймін! Логан: Ертеде бір бала өмір сүріпті... Питер: Ол өз бақшасында өсіп тұрған көкөністерді жегенді ұнатпапты, бір күні... Жастин: Анасы оған дәмді бульон әзірлейді! Логан: Бульон – бұл ішіне асжапырақ, орамжапырақ және үрмебұршақ секілді түрлі көкөністер қосылған сорпа. Лори: Анасы қарамай тұрғанда, әлгі бала алдына қойылған сорпасын төккісі келеді! Логан: Алайда анасы мұны байқап қояды! Лори: Анасы оған: «Егер сен үлкен және мықты адам болып өскің келсе, дұрыстап тамақтануың керек!» – дейді. Жастин: Жемістер мен көкөністер денсаулығымызды сақтауға көмектеседі. Шамаңыз жеткенше тамақтануға тырысыңыз! Роузи Эмеридің келісімі бойынша пайдаланылды. Роузи Эмеридің балалар тақырыбындағы бұл жазу-cызуы осы салаға ат басын бұрғысы келіп жүрген авторларға маңызды саналатын бірқатар тәсілдерді ұсы- нады. Ол былай дейді: «Біз барлығымыз ертекшілерміз; мұны мойындамауымыз мүмкін, дегенмен арамызда қандай да бір сәтте әңгімесін ішіне бүгіп қалған адам бар ма? Әңгімелер мен аңыздар бізге әлем ішіндегі өз орнымызды табуға әрі ғарышпен байланыс орнатуға көмектеседі. Мен, ең әуелі, әнші, ән сөзінің авторы және ертекшімін; мұндай сан қилы кәсіптерімнен шабыт жинап, нәтижесінде бұл менің балаларға арнап жасайтын жұмысыма оң ықпалын тигізеді. Мен кеңістік, табиғат және ойлануға әрі қиялдануға толы уақыт бар әлемде өскен бала болдым. Ал қазіргі балалар жоғары қарқынмен таратылатын суреттер мен дыбыстық фрагменттерді қоспағанда, интерактивтілік жайлаған әлемде өмір сүруде. Сондықтан мен қазіргі

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==