Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
9-ТАРАУ 422 жаңа тәжірибелермен, идеялармен ынталандырыңыз. Бағдарламаға «көпіртпе» материалдар қоспаңыз. Жаңылыстырмаңыз. Бағдарлама контентінде қандай да бір мораль болса, оны нақты және айқын етуге тырысыңыз. Драманың кез келген формасындағы басты тұздық – алаңдату. Ересектерге арналған пьесадағыдай, балалар да конфликтіні тарқатуға қатыссын, мейлі, жай конфликті болсын, бірақ балалар оқиғаның қалай жалғасатынын білсін. Мұндай сәттегі тиімді тәсіл – пьесадағы кейіпкерлер білмейтін құпияны балалармен бө- лісу. Әсіресе ақпаратқа, қабілетке, өнерге арналған бағдарламада автор балалар аудиториясын қызықтыра түсіп, оларды белсенді атсалысуға шақыруы керек. Ұлыбританиядағы танымал балалар шоуы – Art Attack авторы және продюсері Нейл Бьюкенен Spectrum журналында: «Қазіргі таңда сіз балаларға: «Сәлем ба- лалар, сурет салатын сабаққа қош келдіңдер!» – деп айта алмайсыз. Олар мұны қабылдай қоймайды. Олар сізден аңқаулықты сатып алмайды, алайда солардың қатарына именбей қосыла кетсеңіз жадырай түседі. Бұл енді өзгере қойған жоқ. Тек басты мақсат – сондайға жету ғана», – деген. Қолжазба Кейбір балалар шоуы толық жазылады, мұнда барлық диалог пен ескертпе- лер қамтылады. Ал кейбіреулері қалыпты және қысқа баяндау материалдарын қолданады, әсіресе драмалық бағытты ұстанбайтын әрі жүргізушілері бар шоу- лар. Төмендегі ұсынылған «Кішкентай Жер Хартиясы» ( The Little Earth Charter ) сценарийінде ағартушылық және коммерциялық телевизияның тәсілдері бірік- тірілген, мұнда – актерлер, қуыршақтар, музыка, графикалар, визуал және ау- рал арнайы эффектілер сияқты түрлі элементтер, жас көрермендердің назарын аулайтын тағы да басқа ресурстар қамтылған. Кейбірінде қысқа нобай мен ұсы- нылатын материалдың беташар сөздері қамтылған. Роузи Эмери – телевизия, радио, компактдискілер және интернетте бала- ларға арналған бағдарламаның жазушысы, продюсері, орындаушысы, әншісі. Оның барлық материалдары жас көрермен мен тыңдарманға білім беруден бө- лек, олардың сана-сезімін, сезімталдығын және өзін-өзі бағалауын көтермелеуді мақсат тұтады. Мысалы, оның телевизия және компактдискіге әзірлеген бағдар- ламаларының бірі – Little Earth Charter. «Үздік әлемге арналған сегіз қағида – тек балалар үшін!» – тақырыбындағы қағидалар топтамасын ойлап шығарған бола- тын. Төмендегі материалды Роузи Эмери мен Жей Си Литтл «Өзара байланыс» деп аталатын осы қағидалардың бірі туралы жазған болатын. THE LITTLE EARTH CHARTER – 2, ҚАҒИДА: «ӨЗАРА БАЙЛАНЫС» Авторлар – Жей Си Литтл және Роузи Эмери www.littleearthcharter.com 1-БӨЛІМ. СИПАТТАМА Кіріспе сөз (ТИТР) Бағдарламаны белгілі бір әннің бастапқы екі сөйлемімен ашатын боламыз, музыка қосылады. «Бірден сегізге дейінгі қағидасы бар – The Little Earth
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==