Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
421 Корпоративтік, ағартушылық және балаларға арналған бағдарламалар Балаларға арналған бағдарламаға кейбір негізгі қағидалар мен әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Мұндағы ең басты қағида – телевизияның жас көрерменінің толыспаған ақыл-санасы мен сезіміне тигізер әсерін есте ұстау. Балаларға зиян келтіруі мүмкін сценарийді жазуды бастамас бұрын авторлардың өз түсініктерін туралап, балалармен жұмыс істеуде тәжірибесі бар мамандармен ақылдасады деп үміттенеміз. Тәсіл Қиял – балаларға арнап бағдарлама дайындаудың һәм жазудың кілті. Бала- ның ой-қиялы шексіз, ұшқыр әрі тартымды. Ресми білім берудің жүйесіне сай келуге мәжбүр болғанда және кейін ересек өмірге аяқ басқанда ғана біздің ойы- мыз бен қиялымыз шектеуге ілігеді. Балалар шынайы әрі шындыққа жанасым- ды оқиғалар негізінде ғана қиялға елітеді. Бұл қағида ересектерге арналған әзіл- қалжыңға немесе комедияға да қатысты. Кейіпкерлер, ситуация және қоршаған орта шындыққа жанасымды болып, сюжет логикалық тәртіппен дамыған кезде барып, сырт көз түсірілім мен іс-шараға иланады. Формат Белгілі бір жас деңгейіндегі балалар контенттің бірқатар түріне сәйкес келе- ді. Бастауыш сыныптағы балаға логикалық ойлаудың бастапқы элементтерінен тұратын материалдарды қолдануға болады. Қарапайым сюжеттері бар қойы- лымдар мен ертегілер балалар үшін тартымды әдіс саналады. Балалардың өздері қатысатын шаралар (егер тым күрделі болмаса) тиімді саналады. Сегіз немесе тоғыз жастан асқан бала сыртқы әлемнің хабарларына жауап бере алады. Дра- ма балалар үшін тиімді, әсіресе өздерін бас кейіпкерлерге ұқсататын шытырман оқиғалардың маңызы зор. Үлкен топтағы балалар жаңалықтар, деректі фильм- дер, мультфильмдер мен ситкомдарды жете түсіне алады. Интернет «ардагері» саналатын балалар, өздерінен алдынғы буынға қарағанда көбірек біледі. Олар идеяларға және шынайы өмірде болып жатқан оқиғаларға жауап қата алады. Британдық балалар арнасының продюсері Люсинда Уайтли Spectrum журна- лында: «Балаларға қатысты жасалатын барлық бағдарламаны тартымды немесе сүйкімді етіп шығаруды қаламайсың... Ол бағдарламалар айтарлықтай күрделі және балаларға қатысы бар мәселелерді қозғауға тиіс», – деп жазды. Онымен қоса, Уайтли аудитория қатысушылары мен байланыстың маңыздылығына баса көңіл аударады. ЖАЗУ ТӘСІЛДЕРІ Баланың көңілін бірден жаулап алуға тырысыңыз. Баяндаушы немесе кейіп- кердің баламен тікелей сөйлесуін сипаттайтын презентациялық тәсіл тиімді-ақ. Қарапайым әрі мұқият болыңыз, алайда менмен, тәкаппар болудан аулақ бо- лыңыз. Шектен тыс көп диалог ұсыну – артықшылық. Әрекеттер мен идеяларға толы тартымды презентация – ең тиімдісі. Белгілі бір оқиғаны сипаттау кезінде сюжет желісін сақтаңыз. Көп ақпарат ұсынбаңыз және түсіндіруді ұзаққа соз- дырмаңыз; балалардың есте сақтау ұзақтығы қысқа екенін ескеріңіз. Балаларды
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==