Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

9-ТАРАУ 420 Үкімет басшысы лауазымын – Жапония парламенті- мен сайланатын Премьер-Министр атқарады. Жапо- ния парламенті біздің Конгресс секілді, мұнда да жа- пон халқының дауыс беруі бойынша тағайындалған – Өкілдіктер палатасы мен Кеңесшілер палатасы жұмыс істейді. Хибати, тағам, ойыншықтар, қуыршақтар, батпырауық. Аяқталуы ДОННАҒА ҚАРАЙ БАҒДАРЛАУ МУЗЫКА – 15 сек БАТПЫРАУЫҚҚА БАҒДАРЛАУ Символ генераторы – Кеңесші Символ генераторы – Western ITV Western Instructional Television келісімі бойынша пайдаланылды. Балалар бағдарламасы БЕЙРЕСМИ АҒАРТУШЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР Бейресми ағартушылық бағдарламалар санатына балаларға арналған бағдар- ламаларды жатқызуға болады. Бір кездері телевизиялық бағдарламаның бірқа- тары (өткен дәуірдегі радио секілді) кішкентай көрерменге арналған ақпарат, идея, тәлімдік және ойын-сауық элементтерді қамтыған болатын. Алайда бүгін- дері мультфильмдерді қоспағанда, телевизияда балаларға арналған бағдарлама некен-саяқ. Телеарналар балалар үшін арнайы хабарлар дайындап, бірқатар жеке радиостанциялар балаларға арнап жергілікті хабарларын шығарды, ал бұ- қаралық телевизия мен коммерциялық радиолар « Сезам Көшесі» бағдарламасын таратты. Алайда қазір бірінің басымдығына бірі қызықпайтын драма жасаудың заманы өтті. Мультфильмдердің драмалық сюжеттері мен эпизодтары болуы мүмкін, алайда олар әдетте өте төмен деңгейде жазылады әрі ұзаққа созылады, әрі сюжет желісі зұлымдық пен сексизмге толы болады. Көбінесе бағдарлама- ның ұзақтығын жарнама роликтерімен толтырады, кейбір мультфильмдерде бір ойыншықты басты нысанға алып, жарнамашының сол ойыншықты балаларға сатуға тырысып жатқаны сипатталады. Үлкен және кіші топтағы балалар бағдар- ламаларға онлайн және Facebook, YouTube секілді әлеуметтік сайттарды қолдану арқылы қол жеткізе алады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==