Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
419 Корпоративтік, ағартушылық және балаларға арналған бағдарламалар масын әулетті ұятқа қалдырмауға тырысады. Экранда айлақтың суреті. Жапония аралдағы мемлекет, ал аралда тұратын мемлекет кемелерді қажет етеді. Жапония кеме, пластмассалық өнімдер, электроника және автокөлік құрастыру саласында көш бастап тұр. Жапония құрыш болатты бізден алады, жүк көліктерін, автомобиль- дерді және тағы да басқа жабдықтарды құрастырып, Америка Құрама Штаттары мен басқа мемлекеттерге экспорттайды. Тұрғындары, негізінен, электрпойыз және автобустар- дың қызметін пайдаланады. Жапондықтар түгелдей көлік айдаса, онда көшелерде жүретін жер қалмайтын еді. Кеңістік – ең басты мәселе. Сонымен қатар Жапония әлемдегі керамикалық ыдыс, камералар, объективтер, электрондық жабдық- тар мен автомобильдердің ең ірі экспорттаушысы. Фильмнің соңы (3 мин) ДОННАҒА ҚАРАЙ БАҒЫТТАУ: ФИЛЬМ – 7, ½ мин Экранда балық аулау бейнеленген сурет. ФИЛЬМ. Экспорттаушы демекші, мына жерде Жапонияда жа- салған маған тиесілі біраз заттар бар. Менің камерам, магнитофон, керамикалық ыдыс және машина. Сондай-ақ Жапония тоқыма өнеркәсібімен де мықты. Әлемдегі шикі жібекті өндірудің жартысынан көбі Жа- понияның үлесінде. Естеріңізде болсын, жібек – жібек құртының пілләсынан алынады. Сонымен қатар Жапония әлемдегі балық шаруашылы- ғы дамыған мемлекеттің бірі. Бұл елде балық аулауға арналған 400 000-ға жуық қайық бар. Басқа мемле- кеттің еншісінде сонша қайық бола қоймас. * * * Шамамен 1000 жылға жуық Жапонияны Император мәртебесіне ие тұлғалар басқарып келді. Бүгінде императордың міндеті тек салтанатты рәсім күйінде қалды. Мына Токиодағы Империал сарайында: Жапо- ния императорының Жаңа жыл күні – ел тұрғындарын қошеметтеп тұрғандығын көріп тұрмыз. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Америка Құрама Штаттары Жапонияға басқарудың демократиялық формасын қалыптастыруға жәрдемдесті және оларда
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==