Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
9-ТАРАУ 418 Жапонияның климаты алуан түрлі, мұнда оңтүстік аралдарда жаз мезгілі суық өтсе, солтүстік жақта қыс бойы қар борап тұрады. Экранда Токио қаласының суреті. Елдің 120 миллион- нан астам тұрғыны аралдарда, ал олардың үштен екі бөлігі қалада тұрады. Ел астанасы Токио – әлемдегі ең ірі қалалардың бірі, халқының саны – 12 миллион адам. Осака, Киото және Йокогама да ірі қалалар, олардың әрқайсысын- да екі миллионнан астам адам тұрады. Токио қаласы соңғы ғасырда екі мәрте түледі, бірінші рет – жер сілкінісінен соң қалпына келтірілсе, екінші рет – Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде жасалған әуе соққыларынан кейін қайта бой түзеді. Токио бүгінде Американың қаласы іспеттес, мұнда даңғарадай көшелер, биік-биік қазіргі заманғы ғи- мараттар және кептелісті жол қозғалыстары бар. То- кионың күрт дамуына септігін тигізген негізгі фактор ретінде – олардың қазіргі заманғы теміржолдарын айтуға болады, себебі күн сайын бір миллионнан ас- там адам жұмысқа жету үшін осы қызмет түрін пайда- ланады. Көптеген жапондық үйлер ағаш панельден жасалады және олар жылжымалы есікті қолданады. Олар жер сілкінісіне шыдағанымен, өртке жарамсыз. Үйлердің көбінде бау-бақша бар. Мұндағы үй едендері қалың көпшік секілді, сонымен қатар жапондықтар тізерлей отырып, жер үстелде тамақтанады. Олар жұмсақ еден үстінде жамылғы мен көрпеге оранып ұйықтайды, жат- қанша жайды жинастырып қояды. Еденді тап-тұйнақ- тай ұстайды әрі үйге енбей тұрып аяқкиімдерін сыртқа шешеді. Жапондықтар мен көрген әлемдегі ең таза ұлттың бірі. Экранда студенттердің суреті. Жапонияда балалар мен қыздар мектепте тоғыз жыл бойы оқуы керек. Бірінші сыныптан тоғызыншы сы- ныпқа дейін. Күнде кешкісін үй жұмысын орындауға кемі екі сағат уақыт жұмсайды және жазғы демалыста да үй тапсырмасы таусылмайды. Жапония студенттері бүгінде ағылшын тілін меңгеру үстінде. Токиода 60-тан астам университет пен колледж бар. Экранда бала мен ананың суреті. Жапондық балалар ата-аналары мен ата-әжелерін ерекше қастерлейді, қадір тұтады, қандай жағдай бол-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==