Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
417 Корпоративтік, ағартушылық және балаларға арналған бағдарламалар мекенді тайпа мүшелері мекендеген екен. Кейін Қы- тай саудагерлері және басқа шетелдік жиһанкездер Жапонияға бет бұра бастайды; олар мұнда жай келіп қана қоймай, жаңа идеялар мен мәдениетті «тасымал- дайды». Алайда Жапония басқарушылары өз жерінде сынадай өзгерістің орын алғандығын еш қаламайды, осылайша олар баз біреудің кіріп-шығуына мұрша бермей, қақпаларын жауып тастайды. Жапония және жапон халқы 200 жылдан астам әлемнен жырақ, оқ- шау қалыпта өмір кешті. Кейін 1853 жылы АҚШ Әскери-теңіз күштерінің ком- модоры Мэттью Перри өзінің әскери кемелерін Токио шығанағына аттандырады және жапондықтармен сау- да жасау үшін порттарын ашуға көндіреді. Жапондықтар заманауи әлемнің қыр-cырын тез мең- геріп алды және бүгінде олар индустриясы дамыған елдердің алдыңғы шебінде тұр. ДОННАҒА ҚАРАЙ БАҒЫТТАУ: Қалайсыздар, қыздар мен жігіттер! Бүгінгі сабағымыз әлемдегі ең ғажайып мемлекеттердің бірі – Жапония жайында болмақ. #1-сурет. Карта – Азия: Жапония аралдар тобынан құралған мемлекет, Азия құрлығында орналасқан, Тынық мұхитының батыс бө- лігінде жатқан Ресейдің Шығыс жағалауы, Корея және Қытай елдерімен шекараласады. Мұнда төрт негізгі арал бар, олар: Хоккайдо, Хонсю, Кюсю және Сикоку, әрі бұған қоса 3 000-ға жуық кішкене аралдар бар. Бұл аралдардың бәрін тұтастай қосқанда Калифорния штатындай жер көлемі шыға- ды. Жапония аралдары солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 мильге дейінгі қашықтықта созылып жатыр. ФИЛЬМ – 3 мин МУЗЫКА. Экранда Фудзияма тауының суреті. Фудзияма – жа- нартау атқылайтын тау, биіктігі 12 000 метр, Жапо- ниядағы «ең ыстық нүкте». Жапония аралдары қазірге дейін өсіп жатқан тау жыныстарының шыңдары. Жапония Тынық мұхитының Отты шеңберінде ( Pacific Great Circle of Fire) орналасқан және бұл аумақта жыл сайын 1 500-ге жуық жер сілкінеді, бірақ олардың басым көпшілігі адам өміріне айтарлықтай қауіп әкел- мейді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==