Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
9-ТАРАУ 416 оқытуға арналған таптырмас құрал. Мысалы, тарихшылар мен әлеуметтік ғалымдарға қарағанда, сыншылар мен зерттеушілер бізді адамдар арасын- дағы, қоршаған ортадағы қатынасты терең түсінікпен әрі түйсікпен қабыл- дауға үйретіп тастаған. Мысалы, көптеген тарихи кітаптарға қарағанда, Шекспирдің пьесалары бізге Англияның патшаларын мотивацияға және олардың тұлғааралық қатынастарын жете түсінуге мүмкіндік береді. 8. Жасампаз болыңыз. Ақпаратты қарабайыр тәсілмен ұсына салмаңыз. Презентацияның формасын қызықты етіп құрастырыңыз. Мысалы, та- рихты оқытудағы ең тиімді құрылғылардың бірі – коммерциялық теле- визия мен радиода көп жылдар бойы қолданылып келген You Are There әдісі. Мұндағы сценарий белгілі бір тарихи орын және тарихи уақытты баяндау суреттері, дыбыстар, сөздер, тарихи тұлғалармен сұхбаттар және оқиғаның маңыздылығы жайында ұсынылатын комментарийлерді ұсыну арқылы аудиторияны сол уақытқа саяхат жасап қайтуға жағдай жасай- тындай түрде жазылады. Сонымен қатар мұндағы сахналық декорация мен орындаушылардың киімдері сипатталатын уақыт кезеңіне сай болуы керек. Сценарий контенті фактіге негізделгенмен, берілу формасы тарихи драмаға ұқсас келеді. Тағы бір жиі қолданылатын тәсіл (әсіресе ғылыми бағдарламаларда) – бағ- дарламада оқытылатын жансыз заттарды ойнайтын орындаушылар. Мысалы, ЖИТС ( AIDS ) антиденесі, ЖИТС вирусының адам денесіне еніп, қалай кері әсер тигізетінін сипаттау үшін қажет болуы мүмкін. Дегенмен мұндай шығармашыл тәсілдердің көмегімен оқыту тиімді жүргізілгенімен, бағдарлама неғұрлым күр- деленген сайын, оның бағасы соғұрлым қымбаттай түседі. Ең қарапайым және танымал форматтардың бірі – көпшілікке кәдім - гі сыныптан көрсете алмайтын панораманы, адамдардың дыбысын, орындарды және тағы басқа заттарды сол қалпында көрсету. Мұн - дай категорияға ғылыми эксперименттер, өмірбаяндық сұхбаттар, өнерпаздар қойылымы және географиялық мәліметті жатқызуға бо - лады. Кадр сыртындағы мәтінді оқитын нұсқаушысы бар, бұл тәсілді ұстанатын телевизия бағдарламасы саяхатшылар блогына ұқсап ке - туі мүмкін. Мұндай сценарийлердің үлгісі ретінде төменде төртінші сынып оқушыларына арналған сабақтар сериясының басы мен соңы ұсынылған. Сценарийді оқығанда мұны интернеттегі интерактивті презентацияға қалай ауыстыруға болатынын долбарлап отырыңыз. БІЗДІҢ ЖЕР МЕН АДАМДАР Сабақ нөмірі: 29 Сабақ тақырыбы: Жапония ФИЛЬМ – 1 мин Музыка – 1 мин Символ генераторы – «Біздің жер мен адамдар» Донна Мэтсон: Аңызға сенсек, Күн құдайы Жапония аралдарын тауып алған екен және Күншығыс елі деп аталып кеткен бұл
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==