Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
415 Корпоративтік, ағартушылық және балаларға арналған бағдарламалар мысалы әлемнің кез келген түкпіріндегі студенттер тобының жердің басқа бұры- шындағы екінші топпен байланыс орнату мүмкіндігі бар. Сол секілді, кез келген студент, қай жерде болмасын, кез келген мұғалім немесе оқу ресурстары арқылы дәріс тыңдай алады. Мектеп мұғалімдері вакуумда жұмыс істемейді. Бағдарламаның әр нұсқаулық сериясында әр медиасабаққа арналған оқу мақсаты, деңгейі, мазмұны және баға- лау жүйесі жазылған нұсқаулық болуы керек. Нұсқаулықта сабақ алдында және сабақ уағында айтылатын ұсыныстар болсын. Кейде бұл нұсқаулық сериялар аяқ- талған бойда, кей жағдайда серия кезінде дайындалады. Мұнда автор нұсқаулық- тың көмегімен әр сценарий үшін жақсы нобайды темірқазық етіп жұмыс істейді. Әдіс-тәсіл 1. Әр сценарийдегі логикалық эпизодтан шығып кетпеңіз. Сол күні ұсынылатын материалдарды шолып шығудан және дайындаудан бастаңыз, сонымен қатар студенттермен бірлесе зерттеу, далалық зерттеу жобалары және жекелей оқу секілді кейін ұсынылатын материалды қорытуға тырысыңыз. 2. Студентті ынталандырушы материалмен қызықтырыңыз. Бастауыш мек- тептегі бүлдіршінді, кәсіби мектептегі ересек оқушыны, жұмыс орнын- дағы қызметкерді немесе үйде отырған оқушыны қызықтыра түсетіндей оқыту тәсілін жасаңыз. Ой-қиялды өрістететін визуал немесе аурал эф- фектілерді қосып, сонымен қатар көрерменнің қызығушылығын оятатын материалды енгізіңіз. 3. Сценарийді белгілі бір аудиторияға бағдарлаңыз. Бағдарламаның бір мектеп- ке, мектеп жүйесіне, тұтас бір мемлекетке, отандық немесе халықаралық деңгейдегі дистрибуцияға бағытталатынын анықтап алыңыз. Бағдарлама- ны көретін студенттер және олардың қызығушылықтары туралы анықта- ма мәлімет жинастырыңыз. 4. Сценарийді тиісті деңгейде жазыңыз. Білім беру саласы мамандарының көмегімен, сыныптағы студенттердің материалымен қаншалықты таныс екендігі және олардың тіл деңгейі негізінде материалдың күрделілігін анықтап алған дұрыс. 5. Студенттерді ойлау қабілеті арқасында жаңа идеялар құруға ынталанды- рыңыз. 6. Тәуір коммерциялық мәтін жазу қағидаларын ұстаныңыз. Студенттің көңі- лін аулап, қызығушылықтарынан алыс кетпей, тұщымды ақпаратты бе- ріп, көкейлеріне ой салып, не үйренгені және келешекте не үйренгісі ке- летіні жайлы бағамдау керек. 7. Жақсы пьеса жазу қағидаларын ұстаныңыз. Тақырып туралы аз-кем ақпарат ұсынудан немесе баяндаудан бастаңыз; идея, кейіпкер немесе ситуация туындататын конфликтімен әрі шиеленіспен іліп әкетіңіз; оқытылатын та- қырыптың мәселелері немесе тәсілдерін күрделі материал ретінде ұсынуға тырысыңыз; студенттерді өз тұжырымдарын ұсыну арқылы шарықтау ше- гіне қол жеткізуін бақылаңыз. (Пьеса жазу қағидаларын 10-тараудан көрі- ңіз). Студентке балама нұсқалар беріліп және соның ішінен өзінің ойлау қабілеті есебінен шешім шығарта білу ең тиімді оқыту саналады. Драма –
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==