Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

9-ТАРАУ 414 Тәсіл Ең алдымен, автор оқудың мақсатын және контентті, сонымен қатар жекеле- ген бағдарламаның хронометражын анықтап алуы қажет. Содан кейін сценарист синопсистің әр бөлігін жазады. Мұндай нобайды құрастырғанда білім беру саласының мамандарымен жасақ- талған әр бөлім бойынша сабақ жоспарын мұқият негізге алуы қажет. Маңызды тақырыптарға айрықша көңіл бөліп, ал маңызды еместерін назарға ілмеген жөн. Кейбір нұсқаулық бағдарламаларда толық сценарий болмайды, олар нақтылан- ған нобай мен қысқаша мазмұндамадан құралады. Мұндағы әзірлік жұмыстары очерк, сұхбат және корпоративтік бағдарламаның сценарий дайындау әдісіне ұқсас келеді. Көптеген нұсқаулық бағдарламаларда медиасабақты екі мұғалім жүргізеді. Өз ісінің маманы саналатын кейбір сынып жетекшілері камерамен жұмыс істей алмайды; ал, керісінше, сыныпта өз біліктіліктерін көрсете алмайтын мұғалімдер камерамен жақсы «тіл табысады». Кей жағдайда мұғалімнің рөлін орындауға кә- сіби актер бекітіледі. Камераға жауапты нұсқаушының құзыретіне байланысты, сценарийге ара-тұра ауыс-түйістер енгізіліп тұруы мүмкін. Қаламгер нобай түзу кезеңінде-ақ сыныпта жеткізе алмайтын тұсты медиум арқылы мөлдіретіп жеткізуге болатынын біліп алғаны жөн. Сонымен қатар оқу материалдарына шығармашылық және ойын-сауық элементтерін де қосқаны аб- зал. Нұсқаушы автор көрерменді ынталандырып және материалды студенттің шынайы өмірдегі тәжірибесіне орайластыруы қажет. Бағдарлама ішіне юмор, драма және шиеленіс қосыңыз, әрі ойын-сауық бағ- дарламаларының ең тиімді аспектілерін кеңінен қолданыңыз. «Сезам көшесі» (Sesame Street) ресми нұсқаулық бағдарлама санатына жатпаса да, студенттер на- зарына ұсынылған бағдарлама. Мұнда анимациядан бастап жарнама роликтері- не дейін небір қызықты тәсілдер мен формалар қолданылған. Визуал һәм аудиоэффектілерді көптеп қолданудан сескенбеңіз. Визуалды ма- териалды тиімді қолдану – кәдімгі сынып бөлмесінде ұсынылғаннан да нақты түсініктеме беруге жағдай жасайды. Сіз тақырыбыңызға қатысты адамды, мекен- ді, затты және іс-шараны көрсете аласыз. Сабақ тікелей эфирде өтетін жағдайда, сыныптағы студенттер мен нұсқаушы- ның арасында байланыс орнағаны маңызды. Интернеттің көмегімен фидбәк бай- ланысты бір уақытта бірнеше сынып бөлмесіне орнатуға болады. Бірнеше сайт пен мұқият жоспарланған интерактивті материалдар негізінде өтетін онлайн са- бақтар оңтайлы мүмкіндіктер ұсынады. Бір тақырыпты талқылайтын пікірсайысты бірнеше сынып арасында бір уа- қытта өткізуге болады. Тікелей эфирде өтіп жатқан медиасабақ барысындағы бағалау, тестілеу екі жақты (нұсқаушы мен студент арасындағы) пікір алысу ке- зінде жүргізіледі. Мұғалім және сабақтарды жоспарлаушы арнайы топ студент- тердің қандай сұрақ қоятындарын біледі және осы сұрақтар негізінде мәліметтер жинап, сабақ кезінде сұрақ-жауапқа арнайы уақыт бөлуі керек. Коммерциялық хабар таратушы компаниялар «өлі эфир уақытынан» шамадан тыс үрейленеді, алайда мұндай уақытта таратылатын сапалы нұсқаулық бағдарлама сынып мұ- ғаліміне нұсқаушының ұсынғанын қорытып, нұсқаушы мен студенттің арасында орнаған өзара байланысты кейін өз сабағында да орнатуға мүмкіндік жасайды. Мұндай ұқсас бағдарламаларда интернетті қолдану арқылы интерактивті сабақ беру және үйрету үдерісіне қол жеткізуге болады, әсіресе халықаралық деңгейде,

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==