Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
413 Корпоративтік, ағартушылық және балаларға арналған бағдарламалар СТУДИЯ ЛОКАЦИЯСЫ: Ендігі кезекте хот-споттың әрекетін анықтау керек. Сол себепті қосқымыз келген және таргет кадрды графикалық файлдан іздейміз. Мұндай жағдайда мақсатты кадрды Leftcontent деп атадық. ҚАЙТА ОРАЛУ: Келесі қадам Cleaner 5 -ті қолдану арқылы бағдарламаны кодтау. Бұл туралы ақпаратты семинарымыздың Кодтау бөлімінде ұсынамыз. Қара түске қарауыту. Сценарий авторы – Стив Ларошель, Пангея Мультимедиалық коммуникациялар корпорпациясы (Pangaea Multimedia Communications Corporation), Арлингтон, Массачусетс, АҚШ, www.pmcc.com. РЕСМИ АҒАРТУШЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР Сыныпта өткізілуге тиіс ресми сабақ студенттерге олардың мектептерінде игерілмеген тақырыптармен таныс болуға мүмкіндік береді. Ресми сабақ, бей- ресми сабақ және материалды ресурс секілді түрлі сала мамандарына алдын ала дайындалған видео немесе интернет желісінде тікелей эфирдің көмегімен кез келген сыныпқа қол жеткізуге жағдай туғызады. Кейде студент медиа құрылғы- лардың көмегімен үлкенді-кішілі нұсқаулықпен танысқанда, қандай да бір мек- тептің сыныбындағы дәріске қатысқандай немесе орталық сайттан көргендей күй кешеді. Алайда студент тобының демографикасына, соның ішінде оның жасы, білім деңгейі, географиялық тұрғылықты аймағы, мәдени/немесе этникалық тобы, экономикалық жағдайы немесе жеке студенттің белгілі бір саладағы білім беру материалын оқуға дайындығы мен ынталануын анықтайтын басқа факторларға арнайы жоспарланып, бағытталған медиа курс немесе белгілі бір тақырып әлде- қайда тиімді саналады. Ресми нұсқаулық бағдарламасының авторы айтарлықтай дәрежеде ұйымдас- тырушы бола білуі керек. Бағдарламаның сценарийін жазу жұмысы, алдымен оқу бағдарламасын үйлестіруші, мұғалім, сынып жетекшісі, білім беру саласы- ның әкімшілік қызметкері, продюсер, медиамаман және автормен бірлесіп жос- парлаудан басталады. Автордың білім беру саласының мамандарымен әр бағ- дарламаның мақсаты мен контенті жайында кеңесіп алғаны жөн. Алайда автор олармен келіскенде бағдарламаның презентация түрінде берілетіндігін баса айту керек. Көптеген оқытушылар медианы сабаққа қосымша құрал ретінде қолдана- ды. Сыныпта бағдарламаның әдіс-тәсілдері жақсы қабылдануы мүмкін, дегенмен нәтижелі бола қоймайды. Автор «Құр сөзбен қуырдақ қуыру» тәсілінен, яғни сыныптағы мұғалімнің өз студенттеріне ұсынатын оқу материалын қайта ұсынудан қашық болғаны дұрыс. Танымал оқытушы Жон Дьюи медианы сапалы білім алу жолындағы маңызын пайдалану керектігін ескеріп, «сынып бөлмесін әлемге қаратып, ал әлемді сол сынып бөлмесіне көшіріп әкелгендей» болуы керектігін айтады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==