Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
395 Корпоративтік, ағартушылық және балаларға арналған бағдарламалар «Өз жұмысынан бөлек, режиссер, екінші жүргізуші, кейде редактор міндетін атқарып жүретін автор нені білуі қажет? Менің пайымымда мы- надай. Well Aware бағдарламасы белгілі бір локацияда түсіріледі (қажет болса). Емхана видеостудиямен жабдықталмаған. Бұл жұмыс үшін кәсіби видео- оператор, жарық қоюшы және дыбыс режиссері жалданады. Емхананың PR-менеджері әрі Well Aware бағдарламасының атқарушы продюсері Ше- рил Рэндол екінші жүргізуші ретінде қатысады. Бюджетіміз шамалы, түсі- рілім бір жарым немесе екі күнмен шектеледі. Автордың осындай факторлардың бәрімен етене таныс болғаны өзіне керек. 1. Түсірілім кестесі мен бюджетке сәйкес келу үшін локацияларды қысқар- тыңыз, сол бір жерден бірнеше декорациялық фондар тауып іздестіру ке- рек. Көптеген өсімдікті, түрлі түсті гельдерді кәдеге жаратып, сан қырлы ракурстан және көрнекті перделердің көмегімен небір түсірілімдер жа- сауға болады. 2. Бастапқыда сыртта жоспарланып, кейіннен жаңбыр немесе қар жауу се- бебінен шегерілген түсірілімді жабық орында түсіруге дайын болыңыз. Ол үшін автор продакшнның әдіс-тәсілдерімен жетік таныс болуы қажет. Со- нымен қатар табанды, икемді әрі әзілқой болуға көмектеседі. Well Aware продюсері түсірілім тобы үшін қатысушылар мен локациялар үшін жанын салады. Сол себептен, продюсерге қандай мамандар мен сарапшылар қа- жеттігін, қандай локациялар таңдалуы қажеттігін анықтап, сондай-ақ бұл орын- дарда қандай әрекет жасалуға тиіс екендігін және сол орындардан табылмайтын кез келген арнайы жабдықтар реквизиттерді табу керектігін айтып отыруға тура келеді. Бұл ақпарат уақыт пен ақшаны үнемдейді. Мен барлық түсірілімдердің жиынтығы, соның ішінде кадрды қарауыту, микс жасау, музыка жиынтықтары мен басқа да нұсқаулықтары бар, секунд-секундына дейін өңделген, нақты сцена- рий дайындау үстіндемін. Сол кезде ғана менің жұмысым аяқталады... келесі бағдарламаға дейін... және оператор/ редактор негізгі таспамен жұмыс істейді. Төменде жарты сағатты қамтитын Well Aware бағдарламасы сце - нарийінің бірінші сегменті берілген. Мұның соңынан қоғаммен байланыстың институтционалдық аспектісі қамтылған бағдарлама - ның соңғы минуттары сипатталады. Бағдарламаға қатысты жазбаша материалдарды Memorial емханасының бөлімдеріне жүгінесіз және «Memorial емханасы сіздің саулығыңыз үшін қолынан келгенін жасай - ды... және жаныңыз қалай жай табатынын жақсы біледі. Көршілері - ңіз бен достарыңызға біз туралы айтуға қалай қарасыз?» – деген сөй - лем жолдарына мән беріңіз. Сценарий басында автордың продюсер үшін дайындаған қажеттіліктер бағасы жөніндегі тізімі ұсынылған. Соңында автордың сұхбаттардың біріне әзірлеген сұрақтар үлгісі бе - рілген. Мұнда дайын жұмыс сценарийі, қаламгер-режиссердің ескертпесі арнайы таңбаланған белгімен көрсетілген.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==