Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
9-ТАРАУ 394 WORDSYNC президенті Ральф Де Жонгтың келісімі бойынша пайдаланылды, Харперс-Ферри, Батыс Виржиния. ҚОСЫМША: ВИДЕО – СЫРТҚЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС (PR) Well Aware – бұл сценарист, продюсер және режиссер Барбара Алленнің Пен- сильвания штаты Йорк қаласындағы Memorial емханасы үшін жасаған видеолар топтамасы. Негізінен, кабелдік телевизия арқылы таратылатын бұл туындының мақсаты – қоғамды баршаға ортақ медициналық мәселелермен құлақтандыру; қоғамды бұл мәселерден қалай алдын алуға болатындығы туралы үйрету; кей жағдайларда медициналық тексерілуді талап етпейтін жеке емделу, физикалық жаттығулар жасау, диета ұстау және осыған ұқсас тәсілдермен; ал кейбір жағдай- да – дәрігермен кеңесу арқылы және көпшілікке арналған осы серивстік бағдар- лама көмегімен Memorial емханасы туралы жағымды пікір қалыптастыру. Аллен телевизия саласында документалист-продюсер ретінде жиған тәжіри- бесін пайдаланып, бірқатар тәсілдердің басын біріктірді, соның ішінде сұхбат, көрсетілім және публицистикалық мақала да бар. Ақпаратпен қамтуды көз- дейтін бұл бағдарламаның тәсілі тренинг бағдарламасына қарағанда сәл жеңіл- деу. Жалпы аудиторияға бағытталғандықтан, бағдарлама көрерменнің назарын аулау үшін ақпараттық бағдарды ұстанумен қатар, ойын-сауық элементтері де ұмыт қалмасын. Сериалдар сценарисі ретіндегі өз жұмысын сипаттау үшін әрі талдау үшін Аллен осы кітапқа мынадай ойтүйін жазып берді: Микстегі түсірілімдерді қосу: диагностикалық рентгенограмманың ашылуын қайталау. Бұл – тамырға қатысты түрлі ауруларды емдеуге арналған терапия ретінде қарастыруға болатын тексерілген әдіс. АНИМАЦИЯЛЫҚ эпизодтағы микс. ... ажырамалы баллон жүйесінің қолданысына бағытталған процедура – окклюзияның қажетті нүктесінде бақылауды, қайтымын және нақты енгізілуін ұсынатын жүйе. Киноны толық экранда көрсету: титр шығыры аяқталған бойда Басты тақырыптың артынша шыққан кадрды қайталаңыз. (ДЫБЫС ЭФФЕКТІЛЕРІ: МУЗЫКА ҚОСЫЛАДЫ ЖӘНЕ БӘСЕҢДЕЙДІ).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==