Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
393 Корпоративтік, ағартушылық және балаларға арналған бағдарламалар Қан айналымыңыз дұрыс әрі бүтін болса, баппен иньекция жасау тәсілін ұсынамыз... егер де баллон катетері сол тұрған жерінен алысқа ұзай қоймаса. Микспен киноға көшу: баллон инъекциясы. (ҮЗІЛІС) ЕСКЕРТПЕ: дәл осы жерде визуал дегеніміз – шынайы түсірілім мен киноның комбинациясы. Бұл комбинацияға: баллонның орнатылуы, бағдарлау ағыны, қайтымдылық, қайта орнықтыруды азайту, қайта үрлеу және соңғы орнықтыру, ажырату және катетерді алу кіреді. Бұл эпизод кезінде шынайы түсірілімді көрсететін айналма таспасы бар, түрлендірілген көп терезелі экранды қолданыңыз. (ЕСКЕРТПЕ: УАЙТТЫҢ БҰЛ ЖЕРДЕГІ СӨЗДЕРІНЕ БАЛЛОНДЫ БАСҚАРУ, БАҒДАРЛАУ АҒЫНЫ, ҚАЙТЫМДЫЛЫҚ, ҮЙРЛЕУ, ҚАЙТА ОРНЫҚТЫРУДЫ АЗАЙТУ, ҚАЙТА ҮРЛЕУ ЖӘНЕ СОҢҒЫ ОРНЫҚТЫРУ, АЖЫРАТУ ЖӘНЕ КАТЕТЕРДІ АЛУ КОМБИНАЦИЯСЫН ҚОСЫҢЫЗ, СОНЫМЕН ҚАТАР МҰНДА ЕНГІЗІЛЕТІН КОЛЛАТЕРИАЛЬДЫ КӨРУ ҮШІН ИНЪЕКЦИЯ ТЕСТІН ДЕ ҚОСЫҢЫЗ. Катетерлеу зертханасындағы соңғы эпизод: шынайы түсірілімді көрсететін айналма кадр. Кино баллон позициясын көрсетеді. Киноны ақырын толық экранға үлкейтіңіз, ізінше ірі планмен Уайттың катетерді алып жатқандығын көрсетіңіз және процедураның қорытындысын жүргізу үшін орташа жалпы планды қайта көрсетуді бастаңыз. Уайт, техник(тер) және науқас; кейін емделуші зертханадан шыға бастайды. Уайт пен техник(тер) әңгімелесу үстінде, өздерін байсалды ұстауда. УАЙТ (ПРОЦЕДУРАҒА ҚАТЫСТЫ СОҢҒЫ СӨЗДЕРДЕН КЕЙІН, МИНИ- БАЛЛОНМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕГІ ЖЕКЕ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТИІСТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ӨЗ ПАЙЫМДАУЛАРЫН ҰСЫНА ОТЫРЫП, ӘДІС-ТӘСІЛ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕСЕДІ, КЕЙІН ЕМДЕЛУШІМЕН ҚЫСҚА СӨЙЛЕСЕДІ). МАМАНДАРМЕН АҚЫЛДАСУ АЯҚТАЛАДЫ, МҰНЫҢ АРТЫ ТЫНЫШ МУЗЫКАҒА ЖАЛҒАСАДЫ. ОРТАША ЖАЛПЫ ПЛАН: Уайт пен техник(тер) әңгімелесуде; науқас зертханадан шығады. БАЯНДАУШЫНЫҢ КАДРДАН ТЫС МӘТІНІ. МИНИ-БАЛЛОН эмблотерапиясы – тамырішілік окклюзияны ота жасамай-ақ жүргізуге болатын әдіс.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==