Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
9-ТАРАУ 390 Соңғы диагностикалық рентгенограмма стоп-кадрда беріледі, бұл МИНИ- БАЛЛОН процедурасының шынайы қозғалысын байланыстырушыға айналады: бояғыш пен баллондық катетер экранға шығады. (ДЫБЫС ЭФФЕКТІЛЕРІ: МУЗЫКАНЫ БАППЕН ҚОСУ, КЕЙІН ҮДЕТУ) БАЯНДАУШЫНЫҢ КАДРДАН ТЫС МӘТІНІ Бұл баллондық эмболотерапия – транскатетерлік тамыр окклюзиясы үшін арнайы тексерілген әдіс. Мұнда қарастырылған процедура ажырамалы баллонды қолдануға бағытталған. Шығыр видео (LOOP) бөлігі басталады. ВИЗУАЛ АУДИО Көрініс жалғасады: МИНИ-БАЛЛОН айналу бағытын өзгертеді, орнатылады, үрленеді және ажыратылады, ізінше Басты тақырыптың титрі көрсетіледі. Жүйе – окклюзияның қажетті нүктесінде бақылауды, қайтымдылықты және нақты енгізуді ұсынады. БАСТЫ ТАҚЫРЫП ТАМЫРІШІЛІК ОККЛЮЗИЯҒА МИНИ-БАЛЛОН ТӘСІЛІН ҚОЛДАНУ BECTON-DICKINSON AND COMPANY ҰСЫНАДЫ Қысқа титрден кейін фильм жалғасады, сосын қайталанады, портативті экраннан кері тартылып ашылған көрініс кең ракурста шығады: субъективті камерада планда радиологты кеудесінен жоғары көрсету. (РЕНТГЕНОЛОГИЯ ТІРКЕУ БӨЛІМІ) (ДЫБЫС ЭФФЕКТІЛЕРІ: РЕНТГЕНОЛОГИЯ ТІРКЕУ БӨЛІМІНЕ ҚАРАЙ ТОҒЫСПАЛЫ АУЫСУ). Рентгенолог портативке үңіледі, экранға қарайды. Тіркеу бөліміндегі рентгенолог пен баяндаушыны көрсету үшін кері қарай тартуды жалғастыра беріңіз.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==