Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

9-ТАРАУ 388 дейді. Көлемді сценарийдің режиссерлік нұсқасын қолдай қоя ма? Дүкенге арналып жасалған сауда нүктелеріндегі табло видеосынан айырмасы шамалы. Мұның да мақсаты – сауданы қыздыра түсу үшін сол видеолардағы өнімді көрсетуге итермелейді. ТАМЫРІШІЛІК ОККЛЮЗИЯҒА МИНИ-БАЛЛОН ТӘСІЛІН ҚОЛДАНУ ВИЗУАЛ АУДИО ҚЫЗЫҚТЫРУ Ангиография– катетерлеу зертханасы: Johns Hopkins емханасы, Балтимор. (ДЫБЫС ЭФФЕКТІЛЕРІ: СЫРТҚЫ ДЫБЫСТАР/ДАУЫСТАР). ЖАЛПЫ ПЛАН: Емхана қызметкерлері алдыңғы есіктен кіріп-шығып жүр. Бір немесе екі емделуші зертханаға кіріп- шығып жүр. Лифт зертхананың оң қапталында орналасқан. Лифтіден жолаушылар шығуда. Олардың арасында еркек пен әйел де бар. (Ер адам – МИНИ-БАЛЛОННЫҢ көмегімен варикоцелені емдеуге арналған процедураны қабылдауға келген емделуші). Еркек пен әйел біраз жүргеннен кейін дәрігер Роберт Уайтты жолықтырып қалады. Уайттың үстінде дәрігерлік халат, маскасы мойнына дейін түсірілген. Ол катетерлеу зертханасына бет алды. (ДЫБЫС ЭФФЕКТІЛЕРІ: УАЙТ, НАУҚАС, ӘЙЕЛМЕН ҰШЫРАСЫП, ХАЛ-ЖАЙ СҰРАСАДЫ. УАЙТ НАУҚАС ӨЗІН ҚАЛАЙ СЕЗІНЕТІНІН СҰРАЙДЫ. УАЙТ ОНЫМЕН КӨП ҰЗАМАЙ ҚАЙТА ЖОЛЫҒАТЫНЫН АЙТАДЫ). Науқас пен әйел камера кадрынан тыс жаяу жүр. Уайт зертханаға қарай беттеді. Камера Уайттың есіктен енгенін көрсетеді. Уайт толық экранда. Уайт өкпенің күретамырлық жыланкөзін және МИНИ-БАЛЛОН окклюзиясына сәйкес келетін басқа жағдайларды көрсететін рентгенограмманы тексеріп жатқан бір топ дәрігерлердің қатарына қосылады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==