Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

9-ТАРАУ 384 Сырттан нұсқаулықтар ұсыну (оқыту нұсқаулығы) Бірінші ереже – дисплейді аудитория көретіндей, үлкен етіп әзірлеңіз. Аудитория сіз әзірлеген диаграмма немесе графиканы көре алмаса, ақпаратыңызды мүлде ұқпай қалуы мүмкін. Екінші ереже – оқуға оңай болсын. Қалың қаріптер, түсінікті суреттер және қарапайым жазылған мәтінді қолданыңыз. Аудитория ақпаратты оп- оңай, жылдам әрі түсініп оқуы қажет. Үшінші ереже – диаграмма немесе графиканы түсіндіруді қажет етпейтіндей түсінікті етіп жасаңыз. Репрезентациядан бірдеңе ұқпаған аудитория жаңылысуы мүмкін. Төртінші ереже – сөзді, мүмкіндігінше, аз қолданыңыз. Сөздеріңіз неғұрлым аз болса, соғұрлым тәп-тәуір шығады. Бесінші ереже – символдарды сипаттау үшін шартты белгілер мен кілтсөздерді қолданыңыз, сонымен қатар аудиторияңызға ақпараттың дереккөзін және қашан жазылғандығын айтыңыз. Әрі диаграмма мен графиканың титрін анық жазуға тырысыңыз. Аудитория не туралы ақпарат ұсынылып жатқандығын болжап отырмауға тиіс. Алтыншы ереже – ұсынылған ақпараттың презентациямен қисынды келетіндігіне көз жеткізіңіз. Дисплейде көрінбейтін ақпарат аудиторияны жаңылыстыруы мүмкін. ЖОБА ДАТА ДИСПЛЕЙ 3-БЕТ 1:55 2:06 2:16 2:21 2:37 2:47

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==