Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
381 Корпоративтік, ағартушылық және балаларға арналған бағдарламалар ҚОСЫМША: POWERPOINT ПЕН АУДИО – СТУДИЯДАҒЫ ТРЕНИНГ Кезінде корпоративтік, ағартушылық және тренинг бағдарламалары үшін маңызды тәсілдер санатына жатқан слайдтардың орнын бүгінде PowerPoint пре- зентациялары басты. Оқытудың кей деңгейінде визуалды қозғалыстың керегі шамалы, суреттер арқылы да ақпаратты тиімді жеткізуге болады. Сәлден соң ұсынылатын PowerPoint презентациясы баяндауды қандай тәсілмен жеткізуге бо- латынынан хабар береді. Бағдарламаның мақсаты – қызметкерлерге диаграмма мен графикаларды не себепті және қалай қолдану керектігін үйрету. Диаграмма, графика және суретті қолдану – ақпаратты жүйелі жеткізудегі ең қолайлы тәсіл. Дэвид Брэндт келесі беттегі «Дата анализ және көрсету» (Data Analysis and Display) сценарийін Avco Systems TEXTRON компаниясындағы қызмет - керлерге арнап жасаған. Сценарийдің сол жақ тұсында визуал мәлімет, ал оң жақ бетінде аудио баяндалған. Сонымен қатар бұл сценарийде «нұсқау - шы дизайн» (instructional design) немесе «Н.Д.» (I.D.) бағанасы бар – мұнда оқыту сигналдарының үлгілері ұсынылады. Ақпараттың презентациясы мен нақтылығы, оған қайта елеп-екшеуді қосыңыз, анық та қанық ұсынуға қатысты модульдердің реттілігін, жоғарыда айтылған сигналдар негізінде сценарийді талдаңыз. Сіздің еркіңізге салсақ, ұсынылған материалдағы қай элемент қызметкерді оқуға итермелейді? ДЭВИС : Біле білсеңіз, Боб, біз өз кеңсемізді екі нәрсеге қол жеткізу мақсатында жасақтап жатырмыз: біріншісі – агенттерімізге сақтандыруды сату ісіне көмектесу, екіншісі – клиенттерімізге оперативті және, мүмкіндігінше, қолайлы сервис ұсыну. Маған сенсеңіз, HANTEL осы істі айтарлықтай жеңілдетті. [Компания жұмысы нақтылы сақтандыру операциялары мен процедураларына қатысты болғандықтан, бағдарлама соңында оның негізгі жұмыс функциялары сипатталады]. «Хантел мүмкіндік» авторы – Фрэнк Кинг, John Hancock Video желісі және John Hancock компанияларының режиссері.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==