Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

9-ТАРАУ 380 БОБ: Иә, агент атанғымкелетіні рас, алайда мен қай компаниямен жұмыс істейтіндігім туралы әлі нақтыламадым. ГИДЕНБУРГ: (Боб жаққа қарай темекі түтінін будақтатып). Пәлі, аттың тісіне қарағандай таңдап жүрсің бе? Өте ақылды бала. Маған стиліңіз ұнайды. БОБ: (жөтеліп). ... рақмет. Қай жерден бастауымыз керек деп ойлайсыз? ГИДЕНБУРГ: Шынымды айтсам... (ойланып, Бобты иығынан қағып). Соңымнан еріңіз! Бізде коммуникацияның ең соңғы жаңалықтары бар! Су жаңа технологиялар, нені меңзеп тұрғанымды білесің бе?Жозефина, өткенде бас кеңсеге деп берген хатты жібере аласыз ба? ЖОЗЕФИНА: Әрине. Гиденбург мырза. Жозефина хатты өз үстеліне қояды, төртбұрыштап орап, үстелінің төменгі суырмасынан пошташы көгершінді алады, оған хатты жапсырып, терезеден лақтырады. ГИДЕНБУРГ: (Бобқа қарап). Біздің компания тек ең ұшқыр құстарды ғана пайдаланады. БОБ : Бас кеңселеріңіз қайда орналасқан? ГИДЕНБУРГ : Оттавада. БОБ : Жауапты қанша уақыт күтуім керек? ГИДЕНБУРГ : Екі айдай уақыт, бірақ қазір неке қию маусымы. Екі айдан да көп уақыт кетуі мүмкін. ПЕРДЕ : Кеңсе маңы, JH. Боб пен Дэвис әңгіме-дүкен құруда. Дэвис қолына папка ұстап алған.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==