Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

379 Корпоративтік, ағартушылық және балаларға арналған бағдарламалар АГЕНТ: Мархабат. Көмектесуге әркез қуаныштымыз. Бингэм ханым, енді маған өзіңіздің жаңа отауыңыз туралы айта отырсаңыз. Күйеуіңіз екеуіңіз баспананы сақтандыру үшін қандай қадам жасадыңыздар? ӘЙЕЛ: Ия. Бұл турасында қандай да бір әрекет жасау туралы ойымызға кіріп- шықпапты. АГЕНТ: Адамзат ең үлкен инвестициясын үйге салады. Келісесіз ғой? ӘЙЕЛ: Дәл солай, келісемін. АГЕНТ: (КАДРДАН ТЫС МӘТІН). Күйеуіңіз үшін де, өзіңіз үшін де баспаналарыңыз бастымүлік. Екеуіңізбен ыңғайлы нұсқалар туралы сөйлескім келеді… (қарауытудан шығу). Ірі планда Боб, құрмет көрсету белгісі ретінде бір-біріне бас изейді. ПЕРДЕ: Olde Fashioned Life -тың күту бөлмесі. Боб журнал қарап отыр. Гиденбург күту бөлмесіне енді. Ол 45 жас шамасында, тіпті үлкенірек көрінетін ер адам, бәкене бойлы, томпақ, сигар тартады, қарапайым киінген, ескі сәндегі киім секілді көрінеді: белдігі мен мықынтартпасы бар, шашы ортадан екіге бөлінген және артқа қайырылған, қияқтай мұрты бар, ХХ ғасырдың басындағы кейіпте. (ЖЫЛДАМ ҚОЗҒАЛУШЫ САХНА). ГИДЕНБУРГ: Шиилдс? БОБ: А-иә. ГИДЕНБУРГ: Гарри Гиденбург боламын, таныстырсам, сақтандыру – менің ең басты салам! Жағдайыңыз қалай? БОБ: Өте жақсы, рақмет... ГИДЕНБУРГ: (Бобтың арқасынан қағып). Жақсылығы мол болсын! Бұлай болғанына қуаныштымын! Сіздің бізбен бірге агент болғыңыз келеді екен ғой!

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==