Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
9-ТАРАУ 378 АГЕНТ: Иә, маған де керегі сол ғой. ӘЙЕЛ: (шотты агентке береді). АГЕНТ: (шот нөмірін жазып). Жақсы. Енді жаңа мекенжайдың енгізілгендігіне көз жеткізуіміз керек. ӘЙЕЛ: А, иә. Уитмен көшесі, 506-үй. АГЕНТ: Жақсы (мекенжайдыжазып алады). Енді сәл-пәл күте тұрасыз, мен жылдам келемін. Агент өз кеңсесінен шығады. Дэвис пен Боб оның қайда беттегенін бақылап тұрады. ДЭВИС: Боб, көріп тұрғаныңыздай, HANTEL дегеніміз – HANCOCKTELECOMMUNICATIONS дегенді білдіреді. Осы кеңседен Бостондағы бас кеңсеміздегі компьютер желісіне тікелей байланыс орната аламыз. Бұл сақтандыру индустриясындағы бизнес жасаудың су жаңа тәсілі. ДЭВИС: (КАДРДАН ТЫС МӘТІН). Мәселен, Боб мырза HANTEL -дегі агенттеріміздің көмегімен John Hancock -тың миллион- даған полистердің жай-жапсарына әб- ден қаныға алады. Ілгеріде, барлығын электронды пошта арқылы бірнеше күнде істесек, қазір мұның барлығын әп-сәтте жасап тастаймыз. Полис ақпаратына ке- ректі өзгерістерді енгізе аламыз... жаңар- тылған полистердің ақырғы бағасы туралы мәліметті лезде біліп отырамыз. Агент кеңсеге қайтып келеді... Сауал жолдайды, HANTEL операторына ақпарат... HANTEL операторы терминал- да: мекенжайды «Уитмен көше- сі, 506-үй» етіп өзгертеді. Тер- миналдан құны, кейін қаржы- лай құн, жиналған дивиденттер батырмаларын басқан соң, соманы енгізеді. Кейін мұны офис-менеджерге береді. ДЭВИС: Бұл механизмнің жөні бөлек. Боб, сізге Hantel -дің таза пайдасын айтып өтейін, бұл тек біздің клиенттер игілігін көретін үздік сервис, сонымен қоса агенттердің саудасына тигізер көмегі көп. Ірі план: Чекті жазушы OM (жас бозбала). АГЕНТ: Солай, Бингэм ханым, мінеки, сізге қажетті қаражат (қолына чекті беріп). Біз бұл қаражатты сіздің дивиденттеріңізден алдық. Сіздің еншіңізде жұмсауға болатын жеткілікті қаражат болған екен. Дэвис пен Боб. АГЕНТТІҢ КЕҢСЕСІ. Агент кеңсесіне қайтып оралады. ӘЙЕЛ: Мәссаған, сонша жылдам ба? Міне, керемет! Мың алғыс сізге!
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==